АҚШ-та бірнеше жазушы NVIDIA компаниясын авторлық құқықты бұзғаны үшін сотқа берді
Nvidia машиналық оқыту чиптерін әзірлеуші компаниясын үш жазушы сотқа берді. Reuters –тің ақпаратына сүйенсек, сот отырысында компания өзінің NeMo кітапханасында әдеби шығармаларды пайдалану құқығын дәлелдеуі қажет. Nvidia NeМo-ны 2021 жылы өз серверлерінде нейрондық модельдерді оқыту үшін іске қосты. Арызданушылар Nvidia олардың авторлық құқығын бұзды деп санайды.
Толығырақ
Жазушы Брайан Кин, Абди Наземян және Стюарт О ‘Нанның айтуынша, олардың жұмыстары 200 мыңға жуық кітаптан тұратын кітапхананың бір бөлігі болған. NVIDIA қазан айында авторлық құқық иелерінің талаптарына байланысты даулы кітаптарды кітапханадан алып тастады. Сан-Францискода өткен сот отырысында жазушылар Nvidia-ның бұл әрекеті компанияның авторлық құқықты бұзғанын растайды деп мәлімдеді.
Жазушылар Nvidia-дан соңғы үш жыл ішінде Nemo-ны оқытуға көмектескен АҚШ-тағы авторларға өтемақы төлеуді талап етті.
Nvidia- AI модельдерін оқытуда пайдаланылған әдеби шығармаларға авторлық құқықты бұзды деген айыптаулармен күресуге мәжбүр болған алғашқы компания емес. Желтоқсан айының соңында The New York Times газеті OpenAI мен Microsoft корпорацияларын ChatGPT-ті оқыту үшін миллиондаған газет мақалаларын заңсыз пайдаланды деп, сотқа берді.
Сотта газет OpenAI мен Microsoft корпорациясын «The Times газетінің журналистикаға салған орасан зор инвестициясынан пайда табуға» тырысты деп айыптады. Газет шығынды «миллиардтаған долларға» бағалады. Сондай-ақ сотталушылардан чат-бот модельдері мен оқу кітапханаларынан олардың мақалаларын жоюды талап етті. Өз кезегінде, OpenAI және Microsoft авторлық құқықпен қорғалған туындыларды АІ оқыту үшін пайдалану заңға қайшы келмейтінін алға тартты.
Өткен жылы Сара Сильверман және басқа авторлар OpenAI мен Meta Platforms-ті өздерінің әдеби шығармаларын рұқсатсыз, соның ішінде Сильверманның өзі туралы естеліктерін пайдаланғаны үшін сотқа берді. Қараша айында судья олардың талаптарының көп бөлігін қабылдаған жоқ.
Акция
Жасанды интеллект пен нейрондық оқыту чиптері нарығындағы үстемдіктің арқасында NVIDIA баға белгілері 81,7% – ға өсті. Ал S&P 500 8% – ға артты. 2,2 триллион долларлық капиталдандырумен Nvidia қазір әлемдегі ең қымбат мемлекеттік компаниялар тізімінде үшінші орында. Яғни Microsoft пен Apple-ден кейін.
Apple – ге қатысты болжамдармен TF International Securities сарапшысы Мин-Чи Куо өткен аптада NVIDIA Apple-ді басып озады деген еді. Егерде iPhone өндірушісі «осы жылы нарық күткеннен асып түсетін генеративті жасанды интеллект қызметтерін іске қоса алмаса» NVIDIA-ның жеңіске жетері анық деді.
Айта кетейік, жасанды технологиямен байланысты компаниялар былтыр басқа индустриялармен салыстырғанда көп пайда тапқан. Ал олардың акцияларының баға белгілеуі үш мәнді өсім көрсетіп отыр.