Республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы
Республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді / Фото: shutterstock

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл өңірлерде күн райы бұзылып, жаңбыр жауып, көктайғақ болған.

11 наурыз сағат 07:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды QazAvtoJol.

Ақтөбе облысында – жалпы ұзындығы 189 км құрайтын 1 автожолда шектеу енгізілді. Оған жел, жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы себеп болған. Ақтөбе облысының «Самара-Шымкент» «ЭКО Ойл» жанармай құю бекеті-Қарабұтақ елдімекеніне дейінгі жерде жүк және қоғамдық көлік үшін шектеу қойылды.

Ұлытау облысында ауа райы нашарлаған. Салдарынан Қызылорда облысында жалпы ұзындығы 204 шақырым 1 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Оның ішінде «Қызылорда-Павлодар» – Қызылорда қаласы -Ұлытау облысы шекарасында автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу қойылған.

Ұлытау облысында жаңбыр, көктайғақ болуына байланысты 1 автожол жабылды. Жалпы ұзындығы 208 км

Яғни «Қызылорда-Павлодар» – Қызылорда облысы шекарасы-Талап ауылына дейін автокөліктің барлық түрі үшін жүруге шектеу енгізілген.

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп –ұстауға 247 бірлік техника және 284 жолшы жұмылдырылған.

Ақпан айының ортасында Қазақстанның 11 облысында көлік қозғалысы шектелген болатын.

QazAvtoJol елдің 11 облысының 46 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлайды.

«14 ақпан сағат 06:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар егістік жерлерде қардың қарқынды еруінен Алакөл ауданы Бескөл станциясының жеке тұрғын үйлер ауласын су басқан. Шамамен 10 аула аумағын су алып кетті.

Жетісу облысының ТЖД мен жергілікті атқару органдардың күшімен 15 адам, 5 бірлік техника және 3 мотопомпалар тәртібімен еріген қар суын бұру және суару каналын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қосымша ТЖД бастығы 25 құтқарушы, 4 бірлік техника және 6 мотопомпалар тәртібімен және күштер мен құралдар оқиға орнына шықты.

Осыдан тура бір апта бұрын Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев көктем және жаз маусымдарында жолдарды пайдалану әрі күтіп-ұстау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жиынға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы және «Қажсервис» ЖШС облыстық филиалдарының басшылары қатысты. Кездесу барысында жолдарды су тасқыны кезеңіне дайындау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді мақсатты бағдарлама аясындағы жұмыс жоспарлары белгілен еді.

Сондай-ақ оқыңыз