Қаржы министрлігі 2023 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталатынын ескертеді

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы
2023 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады/kursiv.media

Қаржы министрлігі автокөлік иелеріне жеке тұлғалардың 2023 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2024 жылдың 1 сәуірінде аяқталатынын ескертеді. Салықты есептеуде 2023 жылғы 3450 теңге АЕК қолданылады.  

Автокөлік иелері көлік салығын төлеген кезде 2023 жылғы салықты есептеу кезінде қолданыста болған 3 450 теңге мөлшеріндегі АЕК-ті негізге алады.

Сондай-ақ көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталындағы және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы салық калькуляторының көмегімен де есептеуге болады.

Есептелген салық сомасы туралы ақпаратты kgd.gov.kz web-порталдағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде көруге болады. «Каспий банкі» АҚ және «Халық банкі» АҚ мен «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшаларынан да білуге болады.

Жеке тұлғалар салықты мобильді қосымшалар немесе екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінде қолма-қол ақша арқылы төлей алады. Сонымен қатар төлем терминалдарында, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлеуге болады.

Қазақстан билігі көлік салығын 2025 жылдан бастап бензин акцизінің құнына ауыстыру мәселесін қарастыра бастаған. Осы жылы ЕАЭО кеңістігіндегі жалпы мұнай өнімдері нарығына көшуінен бензин құны да көтерілуге тиіс еді.

Мұндай өзгеріс нәтижесінде шағын автокөлік иелерінің қаржылық жүктемесін азайту көзделген. Қозғалтқышының көлемі 3,5-4 литрге дейін жететін автокөліктерге салынатын салықты алып тастау жоспарланған. Алайда бұл салық түрі қозғалтқыш көлемі жоғары автокөліктер үшін сақталып қалатын еді. Бірақ үкімет мұндай өзгерістен бас тартқан.

Сондай-ақ оқыңыз