Жаңалықтар

Қор нарығына шолу: Аlphabet қағаздарын бағалау, биткоин бойынша болжамдар

Қор нарығына шолу/Фото: Сундар Пичаи, СЕО Google и Alphabet / REUTERS/Gonzalo Fuentes

Сарапшылар  қазіргі уақыт Alphabet құнды қағаздарын сатып алу үшін ең тиімді кезең деп санайды. Ал Уолл-стриттің болжамдарына сәйкес, биткоин орта мерзімді перспективада 350 мың долларға дейін артып, келесі онжылдықта 1,3 миллион долларға дейін өсуі мүмкін.

Қазір  Alphabet қағаздары сатып алу  ең тиімді уақыт

Market Watch сарапшылардың пікірлеріне сүйене отырып, Google-дің холдингтік компаниясы Alphabet акцияларының  қазіргі  бағалары өте тартымды екенін жазады. Қазір Аlphabet акциясы «Керемет жетіліктің» ішіндегі ең арзаны.

MoffettNathanson-ның аға талдаушысы Майкл Натансон Аlphabet-тің A класындағы акцияларын 175 долларға сатып алуды ұсынды.

Оның айтуынша, ең басты мәселе Alphabet-тің әлемдік деңгейдегі инженерлердің кең резервін пайдаланып, тұтынушылар пайдаланғысы келетін өнімдерді жасау үшін машиналық оқытуды ұзақ мерзімді енгізе алуында болып отыр.

Биткоин 350 мың долларға дейін өсе ме?

Дүйсенбіде биткоин 72 мың доллардан жоғары көтерілді. Сөйтіп жаңа рекорд орнатты. Yahoo Finance жазғандай, кейбір сарапшылар криптовалютаның одан әрі өсуін болжап отыр.

Standard Chartered 2024 жылдың соңына қарай биткоиннің 100 мың долларға дейін өсуін күтеді. Fundstrat зерттеу фирмасы 116 мың доллардан  137 мыңға долларға дейінгі мақсатты диапазонды көрсетеді. Ал SkyBridge хедж-қоры 2025 жылдың сәуіріне қарай  170 мыңды долларды құрайды деп болжап отыр.

Сонымен қатар Bitcoin-ETF-ті іске қосуға рұқсат алған ARK Invest алдағы онжылдықта 1,3 миллион доллар көлеміндегі ұзақ мерзімді болжамын жариялады.

Бірақ бірқатар сарапшылардың айтуынша, биткоиннің болашақ құнын бағалау әлі де қиын, өйткені оның «ішкі мәні жоқ». «Биткоин өнер сияқты. Оның нақты бағасын анықтаудың жолы жоқ», — деді  Wall Street Research сарапшысы.

Технологияны жаппай сату еуропалық акцияларды төмендетеді

Reuters Еуропалық акциялар технологиялық сектордағы жаппай сатылымнан зардап шекті деп жазды. Инвесторлар 12 наурызда жарияланатын АҚШ инфляциясының негізгі есебін күтуде. «Жұма күні АҚШ-тағы жұмыспен қамтудың негізгі есебіне сүйенсек, инфляция көрсеткіштері жоғары болуы мүмкін. Бұл еуропалық активтердің аздап төмендеуінің тағы бір себебі», – деді eToro жаһандық нарық стратегі Бен Лайдлер.

ЕОБ банктерді резервтеудің ең төменгі деңгейін сақтауға бейім

Bloomberg Еуропалық орталық банк қазір 1%-ды құрайтын банктердің резервтік нормаларының кез- келген күр артуына қарсы деп жазады.

Кейбір EОБ шенеуніктері ең төменгі резервтік талаптарды арттырғысы келеді. Олар мұны банктердің көбі қолма-қол ақшаны EОБ-де ұстайтын болатынымен түсіндіреді. Бұл қаржы жүйесіндегі  өтімділікті азайтады. Сонымен қатар бұл ЕОБ және оның 20 ұлттық орталық банктері қазір депозиттер бойынша төлейтін жоғары пайыздардың салдарынан болған шығындарды азайтады.

Алайда бұл идея реттеушінің кең қолдауына ие болмады. Әзірге ешқандай шешім қабылданған жоқ. Дегенмен банктердің құнды қағаздары оң нәтиже көрсетті. Deutsche Bank AG 1,95%-ға, ал BNP Paribas SA 0,64%-ға өсті.

Өткен аптада ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл өткен аптада АҚШ та банктердің қарыз алу тәуекелдерін өтеу үшін капиталды резервтеу үшін қатаңдататын ережелерді қысқартуы немесе қайта өңдеуі мүмкін екенін білдірді. Бірақ ірі банктер бұған қарсы болды. Олар бұл несиелеу көлеміне кері әсер етуі мүмкін деп мәлімдеді.

Әлемдегі қор нарығы жайлы

Жапонияның ЖІӨ жылдық көрсеткіші алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда қазан мен желтоқсан аралығында 0,4% – ға өсті.

Deutsche Bank Tesla 2024 жылдың I тоқсанындағы жеткізілім бойынша сарапшылар болжамдарынан әлдеқайда нашар есеп береді және 427 мың электромобиль ғана шығарады деп болжады. Сонымен қатар 2,1 млн консенсус болжаммен салыстырғанда 2024 жылғы жеткізілім бағасы 1,96 млн бірлікке дейін төмендеді.

FT Еуропалық IPO нарығы 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында 3,2 миллиард долларға жеткендігін мәлімдеді. Бұл 2021 жылдан бергі ең жақсы нәтиже. Соңғы уақытта IPO-ны өткізу жоспарын жариялағандардың қатарында Германияның Douglas косметикалық дүкендер желісі және Швейцарияның Galderma фармацевтикалық компаниясы бар.