«ҚазМұнайГаз» еншілес компаниясы «ҚазТрансОйл» АҚ күн энергиясын пайдаланатын 11 автономды гибридті электр генераторлық қондырғыны іске қосты. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұл генераторлар «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырының әуе электр желілерін реконструкциялау жобасы аясында жүзеге асырылған.
«Автономды гибридті электр генераторлық қондырғылар «Павлодар — Шымкент» магистральды мұнай құбырының 11 нысанында (6 желілік торап және 5 катодты қорғау станциясы) 1499,9 — 1572,1 км орнатылды. Бұл учаскенің ұзындығы 72,2 шақырым», – делінген хабарламада.
Автономды гибридті электр генераторлық қондырғылардың электр энергиясын жалпы өндіру көлемі жылына — 254 мың кВт/сағ.
«ҚазТрансОйл» 2023 жылғы табысы қандай?
«ҚазТрансОйл» компаниясының 2023 жылғы таза табысы 2022 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге – 8,3 млрд теңгеден 18 млрд теңгеге дейін өсті.
Компанияның шоғырландырылған пайдасы 65,9%-ға – 19,8 млрд теңгеден 32,8 млрд теңгеге дейін артты. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған ҚТО қаржылық есебінде жазылған.
ҚТО-ның 2023 жылғы шоғырландырылған кірісі 290,4 млрд теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 13,6%-ға артық. Компанияның акциялары бар ұйымдар тізіміне:
- «Магистральный Водовод» (100%);
- Arab Petrotrans Limited (100%);
- «Батуми мұнай терминалы» (100%);
- «Қазақстан-Қытай құбыры» (50%) және солтүстік-батыс «МұнайТас» көлік компаниясы (51%) кіреді.
ҚТО бойынша бөлек кіріс 241 млрд теңгені құрады
Бұл 2022 жылдың сәйкес көрсеткішінен 13,6%-ға артық.
Топ кірістің басым бөлігін (240 млрд теңге) мұнай тасымалдау және онымен байланысты қызметтерден, мұнайды ауыстырып тиеуден – 21,6 млрд теңге, ал су тасымалы – 19,8 млрд теңгеден алды. Жалпы 290,3 млрд теңгенің 243 млрд теңгесі Қазақстанға тиесілі. Шоғырландырылған операциялық пайда 2,5 есеге – 7,7 млрд теңгеден 19,1 млрд теңгеге дейін өсті. 2023 жылы КТО бойынша дәл осындай көрсеткіш 17,6 млрд теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 3,2 есе көп.