Жаңа Салық кодексі ел экономикасына қалай әсер етеді? Сарапшы Ұлттық экономика министрлігін нақты есептеулер ұсынуға шақырды
11 наурыз Ұлттық экономика министрлігі Ашық НҚА порталында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің жобасына консультативтік құжатты жария талқыға шығарды. Құжатты мұқият зерттеген экономист Ғалымжан Айтқазин оны сынға алды.
ҚҚС мен КТС туралы
Бұл ретте сарапшы экономиканың әртүрлі салаларында ҚҚС (қосылған құн салығы) және КТС (корпоративтік табыс салығы) бойынша сараланған салық мөлшерлемесіне көшуге қатысты ойын ортаға салды.
«Олжас Бектенов Үкіметі өзінің алғашқы қаулысымен түгел дерлік ҚҚС-ны 12%-дан 16%-ға дейін көтеруді алып тастады. Себебі бұл бағаның көтерілуі ықтималдығына байланысты жалпы наразылық тудырды. Бұл, шын мәнінде, сол кезде оны ұсынған министрліктің аталған салықтың экономикадағы өндіріс пен тұтынуға әсері туралы нақты әсерін дәлелдейтін негіздемесінің болмағанын айғақтайды», – деп атап өтті экономист.
Сарапшы Ұлттық экономика министрлігі әлі де нақты есептеулер ұсынбаған деп есептейді.
«Бюджет үшін негізгі ҚҚС пен КТС-ті саралау ұсынылды. Бірақ үлгілік есептеулер, нақты сандар әлі жоқ. Оның ішінде секторлар бойынша салық жүктемесін талдау жоқ. Көлеңкелі экономика және тарифтердің өзгеруінің макроәсерлері ұсынылмаған», – деп сынға алды Телеграмм желісіндегі TENGENOMIKA арнасының авторы.
Салықтық жеңілдіктерді 20%-ға азайту ұсынылды
Арнаулы салық режимдерін реформалау және салық жеңілдіктерін кем дегенде 20%-ға азайту қарастырылған. Сарапшының пайымынша, арнайы салық режимдері өзінің табиғаты бойынша да салықтық преференциялардың қайнар көзі болып табылады. Олар қандай да бір себептермен бөлек тармақта талқыланады.
«Шынында да, биліктің өзі салық төлеуден жалтару үшін бос орындарды, соның ішінде арнайы экономикалық аймақтарды және бөлшек сауда салығымен бірдей жағдайды қоса алғанда, көптеген режимді құрды. Олардың тізімі өткен жылы барлық қызмет түрінің үштен біріне дерлік кеңейтілді. Енді оларды реформалау бұған қайшы келеді. Салық жеңілдіктерінің өзіне келетін болсақ, ҰЭМ Қаржы министрлігінің деректеріне сілтеме жасаған. Соған сәйкес жеңілдіктердің «таза» сомасы 2022 жылы шамамен 5 трлн теңгені құрады (экспортқа ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі есебінен қосымша 4,5 трлн). Ақыры сол жетпей тұрған 5 трлн теңге Ұлттық қордан алынды», – дейді сарапшы.
Қорытындылай келе, экономист жауапты мемлекеттік органдарды жалпыдан жалқыға көшуге шақырды. Әсіресе, салық ауыртпалығына, экономикаға және салық агенттеріне әсері және ең соңында мемлекет үшін пайда мен тәуекелдерге қатысты нақты есептеулерді ұсынуға шақырды.
Еске сала кетсек, 11 наурыз Ашық НҚА порталында жарияланды. Құжаттың назар аударатын бір тұсы қымат мүлікке салынатын «Сән-салтанат» салығы. Ұлттық экономика министрлігі тапсырманы қолданыстағы салықтар шеңберінде іске асыруды ұсынды.