Ресейде қазақстандық «НДФЗ» компаниясының есепшотына шектеу қойылды

Жарияланды
Суд
Ресейде қазақстандық «НДФЗ» компаниясының есепшотына шектеу қойылды. Фото: Pixavay.com

Ресейдің Кемерово облысының арбитраждық соты «НДФЗ» ЖШС есепшотына шектеу қойды.

«Батыс Сібір электрометаллургия зауыты» Кемерово облысының арбитраждық сотына қазақстандық «НДФЗ» ЖШС -дан 158 851 237,80 рубль (шамамен, 778,3 млн теңге – ред.) қарызды өндіру туралы талап арызбен жүгінді, – делінген құжатта.

Сот арызданушының шағымын қанағаттандырған. Бұл шара сот актісі орындалғанға дейін күшінде болады.

«НДФЗ» ЖШС негізгі бейорганикалық химиялық заттарды өндірумен айналысады. Филиалдары – «Фосфор зауыты» Жамбыл филиалы және «Шымкентхим» Шымкент филиалы.

Айта кетейік, былтырғы тамызда Жамбыл облысындағы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында (НДФЗ) жарылыс болған еді. Жарылыс салдарынан екі жұмысшы зардап шекті. 

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген мәліметінше, «НДФЗ» ЖШС фосфор зауыты қоймасының аумағында контейнерлік цистернадан сары фосфор шығарылған.

Сондай-ақ оқыңыз