Meizu компаниясы жасанды интеллект «құрылғыларын» шығармақ

Жарияланды
Meizu компаниясы жасанды интеллект «құрылғыларын» шығармақ / Фото: shutterstock

Bloomberg ақпаратына сүйенсек, Қытайдағы  электроника өндірушісі Meizu биылғы жылы қоғамдық компания болмақ. Meizu компаниясы AI-ге бейімделген мобильді операциялық жүйені шығаруды және «жасанды интеллект өнімін» енгізуді жоспарлап отыр.

Толығырақ

Meizu брендінің құрылымындағы Dreamsmart Group стартапы Гонконгта алғашқы IPO-ға орналастыруға дайындалу үшін банктерді таңдамақ. Олардың айтуынша, қытайлық Geely автоөндірушісіне тиесілі компанияның бағасы 15 миллиард юаньнан ( 2,1 миллиард доллардан) асуы мүмкін. Нарықтағы жағдайға байланысты DreamSmart 20 миллиард юаньға дейін ( 2,7 миллиард доллар) бағалауды сұрай алады, деді олар.

Bloomberg сұхбаттасушылары, компания биыл биржаға шығуды жоспарлап отыр, бірақ пікірталастар әлі де жалғасуда дейді.

Компания смартфон шығарудан бас тартты

 Meizu компаниясы смартфондарды 2007 жылдан бастап шығарды. Осы жылдың ақпан айында компания жаңа смартфондарды шығаруды тоқтату туралы шешім қабылдады. Оның орнына компания жасанды интеллектпен басқарылатын «құрылғыларды» шығаруды жоспарлап отыр.

Xingji Meizu Group бас директоры Шэнь Цзыюй  2023 жылы Meizu ұялы телефон өндірушісінен экожүйеге айналғанын айтты. Екі жылдық дайындықтан кейін Meizu биыл алдымен AI-ге бағытталған мобильді операциялық жүйені іске қосуды, содан кейін «жасанды интеллектке арналған алғашқы аппараттық өнімнің» тұсаукесерін өткізуді жоспарлап отыр.

 Geely-мен ынтымақтастық

 2022 жылдың маусымында Geely Automobile-дің құрылымындағы  Hubei Xingji Shidai Technology Meizu акцияларының 79%-ын сатып алды. Meizu  құнды қағаздары бұрын компанияның негізін қалаушы және Alibaba бөлімшесіне тиесілі болған.  Bloomberg-тің жазуынша, Alibaba Қытайдағы смартфондар нарығына шығу үмітімен Meizu-ға инвестиция салды. Бірақ Xiaomi, Oppo және Huawei тарапынан агрессивті бәсекелестікке байланысты бренд айтарлықтай танымал болмады.

2023 жылдың наурыз айында Meizu Geely негізін қалаушы Hubei Xingji Shidai Technology интеллектуалды терминал технологиясын жасаушы Ли Шуфумен бірігу арқылы Xingji Meizu болып қайта құрылды.

Xingji Meizu «смартфондар + XR + ақылды электромобильдер» тұжырымдамасына негізделген автомобильдерге арналған технологияларды әзірлеумен айналысады.

Сәрсенбі күні Гонконгтағы сауда-саттықта Geely бағалы қағаздары 1% – ға өсті.

Айта кетейік, жасанды интеллект компанияларының акцияларына инвестиция салу тиімді ме деп жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз