Қор нарығына шолу:Tesla Оңтүстік-Шығыс Азияның қарқынды дамып келе жатқан нарығына бет бұрды

Жарияланды
Қор нарығына шолу / REUTERS/Brendan McDermid/File Photo

Goldman Sachs Еуропаның коммерциялық жылжымайтын мүлік секторына «тықыр таяғанын» мәлімдеді. Сондай-ақ Tesla Қытай мен АҚШ-тағы саудада сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, Оңтүстік-Шығыс Азияның қарқынды дамып келе жатқан нарығына бет бұрды.

АҚШ қор нарығы айрықша түзетулерді енгізуі дайын

Ariel Investments негізін қалаушы кіші Джон У. Роджерстің айтуынша, АҚШ  қор нарығы түзетулер енгізуге дайын. Bloomberg-тің жазуынша, Роджерс АҚШ 2023 жылы рецессиядан құтылатынын, нарықтағы активтер бағасының жылдам өсуін дұрыс болжаған. Өткен жылмен салыстырғанда  Nvidia сияқты жоғары деңгейлі компаниялардың акциялары асыра бағаланып, табыс деңгейі күткендей жоғары болмайды деді кіші Роджерс. 

«Ұзақ уақыт бойы нарықта да, экономикада да айтарлықтай кері шегіну болған жоқ»,- дейді Роджерс. Оны экономикаға қарағанда нарық саласы көбірек алаңдатады.

Роджерстің айтуынша, 2023 жылы S&P 500 индексінің өсуіне негізінен  «Керемет жетілік» ықпал етті. Ал шағын компаниялардың акциялары төртінші тоқсанда өсе бастады.Сондықтан, қазір шағын және орта компаниялардың акцияларын сатып алған жөн.

Goldman сарапшылары  жылжымайтын мүлік нарығы жайында

Bloomberg агенттігі Goldman Sachs сарапшыларының пікіріне сілтеме жасай отырып, Еуропадағы коммерциялық жылжымайтын мүліктің бағасы күрт төмендегендіктен, оған «тықыр таянды» деп есептейді.. Траектория 1989 жылғы құлдырауға ұқсас, деп атап өтті Джонатан Ковнатор. Сектордағы активтердің құны Еуропада 10% – ға және Ұлыбританияда 17% – ға төмендеді. Биылғы жылы ЕО-та құлдырау тағы 4%-ды құрады. 1989 жылғы экономикалық құлдырау кезінде коммерциялық жылжымайтын мүлік бағасы шамамен 19% – ға төмендеді.

 Дүйсенбі күні LEG Immobilien SE  неміс компаниясы инвесторларға «жылжымайтын мүлік дағдарысының шыңы артта қалды» деп мәлімдеді. Дегенмен, STOXX 600 жылжымайтын мүлік индексі төмендеуде. Ол 2022 жылдың басынан бері 35%-ын жоғалтты.

Tesla Оңтүстік-Шығыс Азияның нарығына бет бұрды

Tesla Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нарығына басымдық беруде. Reuters жазуынша, Tesla компаниясының мемлекеттік саясат және бизнесті дамыту жөніндегі  атқарушы директоры Рохан Пател бұл аймақты қарқынды дамып келе жатқан нарық деп бағалады.

Қытайлық BYD Америкалық электромобиль өндірушісіннің бәсекелесіне. Малайзия үкіметі өткен жылы Tesla-ға өз көліктерін елде сатуға лицензия берді. Компания сол елде қуаттау станцияларының желісін салатынын мәлім еткен болатын. 

Сонымен қатар Tesla басқа елдерде, соның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі автомобиль өндірушісі және экспорттаушысы Таиландта өз қызметін кеңейту туралы келіссөздер жүргізуде. Алайда, бұл жерде де BYD позициялары күшті. Яғни  бұл аймақта сатылатын электромобильдердің төрттен бірінен астамын құрайды.

Әлемдегі қор нарығы жайлы

АҚШ Энергетика министрлігі 2024 жылы Brent бағасының болжамын  82,42 доллардан –  87 долларға дейін көтерді.

Еуропарламент Ресейге қарсы санкцияны айналып өтуге байланысты «криминализациялау» туралы заңды мақұлдады. Бұл үшін жеке тұлғалар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал заңды тұлғаларға айыппұл салынады.

Даниялық ойыншық өндіруші Lego 2023 жылдың қорытындысы бойынша таза кірісті 4,9% — ға-13,109 миллиард дат кронға ( 1,92 миллиард долларға) дейін төмендетті. Компания мұндай нәтижелерді әлемдік ойыншықтар нарығындағы құлдыраумен түсіндірді.

Америкалық алюминий өндірушісі Alcoa Австралиялық серіктесі Alumina-ны 3,35 миллиард австралиялық долларға ( 2,2 миллиард долларға) сатып алады. Сиднейдегі сауда-саттықтағы Alumina акциялары бір күн бұрын 8,1% бағаға көтерілді. Жыл басынан бері компанияның капиталдандыруы 40% – ға өсті.

Аргентина Орталық Банкі инфляцияның баяулауы аясында негізгі пайыздық мөлшерлемені бірден 20 пайыздық тармаққа (80% дейін) төмендетті. Бұл шешім экономистер мен нарық қатысушылары үшін күтпеген жағдай болды.

Айта кетейік, Tesla АҚШ-тағы ең ірі 10 компанияның қатарынан шықты деп жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз