Павлодар облысының 65 ауылында су басу қаупі бар
Павлодар облысының 65 ауылында су басу қаупі бар. Қазіргі таңда 43 елдімекен ерекше бақылауға алынған. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Өткен жылмен салыстырғанда алдағы маусымда жауын-шашын мөлшеріне байланысты өңірдегі ауылдарды су басу қаупі жоғары, норма 56% артқан.
«Қар қатты еріген кезеңде Ақтоғай, Успен, Ертіс, Железин, Павлодар және Тереңкөл аудандары су басу қаупіне ұшырауы мүмкін. Сондықтан облыс басшылығы мен азаматтық қорғау органдары есепте тұрған 43 ауылдан басқа тағы 22 елдімекенді бақылауға алу туралы шешім қабылдады», – деді өңірдегі ТЖД басшысы Жасұлан Жұмашев.
Сондай-ақ Баянауыл ауданы ауылындарында су басу қаупі аса жоғары екені ескерілді. Жасұлан Жұмашев ТЖ жағдайына дайын болу үшін 600 астам техника, 42 жүзу құралы және 200 жуық мотопомпалар дайын екенін айтты. 15 наурызға дейін 1506 су өткізу құбырын ашу жоспарланған.
Су тасқыны кезеңіне дайындық кезінде Ақтоғай ауданының аумағында Селета өзенінің арнасын тазарту, түбін тереңдету, жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілген. Атамекен — Ақсу — Көктөбе — Үлкен Ақжар — Курчатов автожолында үш су өткізу құбыры және Көктөбе ауылында екеуі орнатылған. Су тасқыны қаупі бар елдімекендерде су бұру арналарын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Биылғы ақпан-наурыз айларында Қазақстанның 12 облысында ауқымды су тасқыны болуы мүмкін. Бұл туралы ТЖ Министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді. Оның айтуынша, 2023 жылдың желтоқсан айында жауған жауын-шашынның көп мөлшері су басудың себебі болуы мүмкін.
«Іс жүзінде көп қар болған жоқ. Болған қардың суы жерге сіңіп кетті. Бірақ біз су тасқыны болуы мүмкін деп болжап отырмыз. Су тасқыны ақпан айының соңында оңтүстік өңірлерде, ал наурыз айының басында солтүстік өңірлерде болуы мүмкін. ТЖМ мен орталық атқарушы органдар көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайдың алдын алу шараларын жүзеге асырып жатыр», – деді министр ОКҚ брифингінде.
Брифингте ТЖ алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин де сөз сөйледі. Ол су тасқынының жоғары қаупі ақпан-наурыз айларында Қазақстанның 12 өңірінде: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында. Сондай-ақ Абай мен Ұлытауда болуы мүмкін деп хабарлады.
Орташа қауіпті аймақтарға Жетісу облысы, Жамбыл және Павлодар облыстары. Ең төменгі қауіпті өңірлерге — Маңғыстау және Қызылорда облыстары жатады.