Жаңа көлікті жалған құжатпен алып кіргендер бюджетке 14 млрд теңгеден астам шығын келтірген
Қазақстанға жаңа көлік ретінде ескі көліктерді жалған құжатпен тіркеп кіргізген азаматтар бюджетке шамамен 14 млрд теңге шығын келтірген. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі хабарлады.
Заң бұзушылар елге ескі және қауіпті жүк көліктерін, жалған құжаттар бойынша автобустарды әкелуге тырысып, олардың шығарылған жылын ауыстырады. Тек анықталған фактілер бойынша 2022-2023 жылдары сотқа дейінгі 23 тергеу басталды. Бюджетке келтірілген залал қазір 14,3 млрд теңге.
Осы қылмыстық фактілерге қатысты мамандандырылған ХҚКО-ның 59 лауазымды тұлғасы мен мемлекеттік органдар қызметкерлері тексеріледі.
Егер автомобиль бес жылдан көп жүрсе, онда елге кірерде 2500 АЕК алым төлеу керек. Ал егер екі жылға толмаса, төлеу сомасы 0,25 АЕК дейін қысқарады.
Алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылар алғашқы алымның ең төменгі мөлшерлемесін төлеу мақсатында мамандандырылған ХҚКО-ға шығарылған күні өзгертілген жалған түбіртектерді ұсына отырып, автокөлікті есепке қояды.
Кейбір жағдайларда тіркеу (бұрын 2016 ж.) EGOV порталы арқылы онлайн режимінде, жалған құжаттарды пайдалана отырып, ресми дилерден сатып алынған.
ҚМА жүргізген талдау көлік құралдарын алғашқы тіркеу кезінде мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері авто санаты жайлы ақпаратты «қолмен» енгізген. Автокөлік құралдарын бүкіл ел бойынша алаяқтық жолмен тіркеуді тоқтату үшін агенттік «қолмен» тіркеу мүмкіндігін алып тастауға шара қабылданды.
Осыған дейін ҚМА елдегі ірі жобалардың құрылысы барысында 10 млрд теңгені үнемдегені туралы хабарланды. Агенттіктің хабарлауынша екі айда 8 жоба бойынша бюджет шығындары 10 млрд теңгеге төмендеген.
Петропавлдағы Солнечный кентінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу кезінде электр қосалқы станцияларының құнын 4 есе арттыру фактісі анықталды. Нәтижесінде 2,3 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді.