Freedom Broker сарапшылары 2023 жылдың төртінші тоқсанында табысы 2,2 есеге өскен «ҚазТрансОйл» акцияларын сатып алуды ұсынды.
Еске салайық, осыған дейін компания қаржылық есебін жариялаған еді. Оған сәйкес компанияның 2023 жылғы таза табысы 2022 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге – 8,3 млрд теңгеден 18 млрд теңгеге дейін өсті.
Компанияның шоғырландырылған пайдасы 65,9%-ға – 19,8 млрд теңгеден 32,8 млрд теңгеге дейін артты.
Дегенмен бір реттік операциялық емес шығындарға байланысты рентабельділік былтырғымен бірдей болды. Сондай-ақ «Астрахань-Маңғышлақ» су құбырын қайта құру және кеңейту аясында компанияның қаржысы шектеулі күйі қалып отыр.
Freedom Broker сарапшыларының пікірінше, ҚТО 2024 жылы дивидендтерді айтарлықтай арттыра алмайды.
«Бағалау үлгісінде біз капиталдың құнын төмендеттік. Сонымен қатар таза қарызы азайған «Қазақстан-Қытай құбыры» бірлесіп басқарылатын компанияның қаржылық көрсеткіштерін жаңарттық. Болжам бойынша «ҚазТрансОйл» компаниясының бір акциясының бағасы 1080 теңгеге дейін 27% өсу әлеуеті бар. Біздің ұсынысымыз – «сатып алу», – деп жазды Freedom Broker сарапшылары.
ҚТО-ның 2023 жылғы шоғырландырылған кірісі қандай?
Еске сала кетсек, ҚТО-ның 2023 жылғы шоғырландырылған кірісі 290,4 млрд теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 13,6%-ға артық. Компанияның акциялары бар ұйымдар тізіміне:
- «Магистральный Водовод» (100%);
- Arab Petrotrans Limited (100%);
- «Батуми мұнай терминалы» (100%);
- «Қазақстан-Қытай құбыры» (50%) және солтүстік-батыс «МұнайТас» көлік компаниясы (51%) кіреді.
ҚТО бойынша бөлек кіріс 241 млрд теңгені құрады
Бұл 2022 жылдың сәйкес көрсеткішінен 13,6%-ға жоғары.
Топ кірістің басым бөлігін (240 млрд теңге) мұнай тасымалдау және онымен байланысты қызметтерден, мұнайды ауыстырып тиеуден – 21,6 млрд теңге, ал су тасымалы – 19,8 млрд теңгеден алды. Жалпы 290,3 млрд теңгенің 243 млрд теңгесі Қазақстанға тиесілі. Шоғырландырылған операциялық пайда 2,5 есеге – 7,7 млрд теңгеден 19,1 млрд теңгеге дейін өсті. 2023 жылы КТО бойынша дәл осындай көрсеткіш 17,6 млрд теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 3,2 есе көп.
Компания активтері артты
Барлық ҚТО компанияларының активтері 1,23 триллионнан 1,35 трлн теңгеге артты. Міндеттемелері 323 миллиардтан 401,5 миллиард теңгеге өсті. Ал меншікті капиталы 912,4 миллиардтан 957 миллиард теңгеге жетті. КТО бойынша жеке міндеттемелер 238 млрд теңгеден 250,6 млрд теңгеге дейін өсті. Меншікті капитал аздап – 773,7 млрд теңгеден 784,1 млрд теңгеге дейін артты. Клиенттермен жасалған шарттар бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер 35 млрд теңгеден 31,9 млрд теңгеге дейін қысқарды.
Топ алған несиелердің жалпы сомасы 1,5 есеге артқан. Яғни 29,7 млрд теңгеден 47,4 млрд теңгеге жетті. 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша несиелер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі орта есеппен 18,38%-ды құрады. Ал несиелер бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесі 15,54%.
Былтыр топ 15 млрд теңге дивиденд төледі
Өткен жылы топ 15 млрд теңге дивиденд (бір акцияға 39 теңге) төледі. Ең көп бөлігі, яғни 13,5 млрд теңгесі «ҚазМұнайГаздың» бас құрылымына төленді. 2022 жылы 2021 жылға дивидендтер сомасы 10 млрд теңгені құрады (9 млрд – ҚМГ дивидендтері).