АҚШ-та криптовалюта майнингіне салық енгізіледі

Жарияланды
Криптовалюта майнингіне салық енгізіледі/Фото: shutterstock

Сарапшылардың айтуынша, АҚШ билігінің криптовалюта майнингіне салық енгізуі компанияларды Қытай еліндегідей достық юрисдикцияға көшуге ықпал етеді екен. Осылайша Ақ үй жаңа салық арқылы бюджет кірісін арттырмақ. Алайда, керісінше болуы да әбден мүмкін. 

Толығырақ

Gryphon Digital Mining компаниясының бас директоры Роб Чанг «DL News» порталына берген сұхбатында «салықты енгізу көптеген майнерлерге тиімсіз болады» деді. Бұл 2021 жылы Қытайдағыдай барлық криптовалюта операцияларына толық тыйым салғаннан кейін қытай майнерлері сияқты арзан юрисдикцияға көшуге итермелейді.

АҚШ-тағы  жетекші биткоин өндіретін Riot Platforms компаниясының топ-менеджері Брайан Моргенштерннің айтуынша, салық енгізілген жағдайда  кірісті америкалық компаниялар емес, шетелдік майнерлер алады. Бұл сәйкесінше биткоиннің долларға қатысты құнын одан әрі арттырады. 

Блокчейн заңгер және Rodman Law Group-тің негізін қалаушы Дэйв Родман да майнерлерге салынуы мүмкін салықың көңілінен шықпайтынын айтады. 

«Бұл бастама «бай крипто-инвесторлардың» олигархтармен теңескені өте күлкі», – дейді ол.   

АҚШ әкімшілігінің ұсынысын оппозициялық топтар да сынға алуда.

Салық жайлы

Джо Байден әкімшілігі 2025 жылдан бастап криптовалюта өндірісіне акциз салығын енгізуді ұсынды. Бастама АҚШ-тың келесі жылға арналған бюджеттік жобасына енгізілген. Әкімшіліктің айтуынша, бұл келесі жылы бюджетке қосымша 10 млрд доллар және алдағы онжылдықта 42 млрд доллардан астам табыс әкелуі мүмкін.

Құжатта цифрлық активтерді өндіру үшін есептеу ресурстарын пайдаланатын кез келген фирмаға тұтынылған электр энергиясы құнының 30% акцизге салық салынатыны айтылған. Ақ үй салықты 2025 жылдан бастап үш жыл ішінде кезең-кезеңімен енгізуді ұсынып отыр. Бірінші жылы салық мөлшері электр энергиясы құнының 10%-ды құрайды. Екінші жылы 20% – ға дейін, үшінші жылы – 30% – ға дейін өседі.

Егер заң қабылданса, майнерлер пайдаланатын электр қуатының көлемі мен түрін, сондай-ақ егер оны сырттан сатып алған жағдайда қанша төлегені туралы есеп беруге міндетті. Майнерлер жалға беруші компанияға электр қуатының құны туралы мәліметтерді хабарлауы тиіс. Бұл жағдайда сома салық базасы ретінде қызмет етеді.

АҚШ Энергетика министрлігінің мәліметінше, майнерлер елдегі жалпы жылдық электр энергиясын тұтынудың 0,6% – дан 2,3% – на дейін құрайды. Wood Mackenzie ақпаратына сүйенсек, Техаста биткоин өндіру штат тұрғындары үшін энергия шығындарының 4,7%-ға өсуіне әкеледі екен.

2021 жылы Қытай криптовалюта майнерлеріне қарсы қатаң шаралар енгізген кезде Қытайдың әлемдік Биткоин өндірісіндегі үлесі 30% – ға төмендеген еді. Ал, Қазақстан криптовалютаны «өндіру» қуаты бойынша әлемде үшінші орынға көтерілді.

АҚШ-та Қытайдың майнерлерін қудалауынан кейін бұл кәсіп дамып келеді.  CoinGecko мәліметтері бойынша, биткоин құнының өсуіне байланысты АҚШ-тың 11 қоғамдық  компанияларының акциялары өткен жылы күрт өсті. Атап айтқанда,CleanSpark баға ұсыныстары соңғы алты айда 270% – ға өсті.

Биткоин осы жылдың басынан бері шамамен 74% – ға өсіп, S&P 500 (8,2%) көрсеткішінен айтарлықтай жоғарылады. Сәрсенбі күні биткоиннің бағасы 73 мың долларды құрады. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Айта кетейік, Bitcoin өсімі шамамен 1500 әмиян иесін «миллионер» етеді деп хабарлаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз