Жаңалықтар

Тимур Турлов ACB-дің ресейлік «Ассоциация» банкінің пайдасына шығындарды өндіріп алу туралы талабына түсініктеме берді

Тимур Турлов прокомментировал требование к нему российского АСВ о взыскании убытков в пользу банка «Ассоциация»
Тимур Турлов ACB-дің ресейлік «Ассоциация» банкінің пайдасына шығындарды өндіріп алу туралы талабына түсініктеме берді / Фото: Валерий Аяпов

Freedom Holding Corp. CEO директоры Тимур Турлов 2019 жылы лицензиясынан айырылған ресейлік «Ассоциация» банкімен аффилирленбеген. Бұл туралы «Курсив» тілшісіне Freedom Holding басшысы айтты.

Ол Ресейдің депозиттерді сақтандыру агенттігінің талаптары туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан біліп, банк қызметкерлерімен ешқашан таныс болмағанын мәлімдеді.

«Мен БАҚ-тан АСВ тарапынан маған қатысты шағымдар туралы білгенде қатты таңқалдым. Менде АСВ (салымдарды сақтандыру агенттігі) тарапынан талап-арыздың бар екендігі туралы ресми ақпарат жоқ. Жеке өзім ешқашан «Ассоциация» банкімен қандай да бір мәмілеге қатысқан емеспін. Ешқашан оның атынан қандай да бір мәмілелер жасауға уәкілетті тұлға да болған емеспін. Сонымен қатар «Ассоциация» банкімен аффилирленген емеспін және бұл ұйымның қызметкерлерімен жеке таныс емеспін. Бұл біздің кейбір шағын компаниялардың бірінің әдеттегі нарықтық мәмілесі деп болжауға болады»,– деді Турлов.

Сондай-ақ ол адвокаттар шағыммен танысуға мүмкіндік алғаннан кейін іске толық кірісетінін атап өтті.

13 наурызда жарияланған Ресейдің «Депозиттерді сақтандыру агенттігі» мемлекеттік корпорациясы (АСВ) ақпаратына сүйенсек, Нижний Новгород облысының төрелік соты «Ассоциация» АҚ активтерін шығаруға қатысатын «тұлғалардан шығындарды өндіріп алу туралы» АСВ талаптарын қарауға қабылдаған. Іс бойынша жауап берушілер қатарында Тимур Турлов бар.

«Талап қою үшін банк активтерін шығаруға бағытталған іс-әрекеттері негіз болды. Несие ұйымынан қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды»,– делінген АСВ хабарламасында.

2019 жылдың шілде айының соңында Ресей  Орталық банкі «Ассоциация» банкін лицензиясынан айырды. РБК мәліметінше, есеп беру қағаздарында көрсетілген шоттардағы ақшалай қаражаттың болмауы себеп болған. Тексеру барысында шетелдік банктерде ашылған «Ассоциация» шоттарында 3,8 млрд рубль жетіспейтіні белгілі болды. Бұл сома банктің меншікті қаражатының мөлшерінен екі есе асып түсті.

Содан кейін «Ассоциация» банкінде қазынашылық қызметкері тарапынан алаяқтық әрекеттерді анықталғаны белгілі болды. Несие ұйымының сайтында қызметкер «Swift жүйесіндегі банктік операцияларды әдейі бұрмалаған» деген мәлімет шықты. Банк қазынашылық қызметкеріне заңнамалық шаралар қабылдағанын және белгіленген мерзімде жағдайды тұрақтандыру мүмкін екендігін айтып өкініш білдірді.

Банк салымшыларға беретін өтемақы сомасы оның барлық салымының 100%-ын құрады, бірақ 1,4 миллион рубльден аспады. Орталық банктің мәліметі бойынша, несиелік ұйым Ресей Федерациясының банк жүйесінде активтердің мөлшері бойынша 170-орынды иеленді.