Денсаулық сақтау саласына 2,6 триллион теңге бөлінді, ал медициналық қызметке халықтың көңілі толмайды – Әшімбаев

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Денсаулық сақтау саласына 2,6 триллион теңге бөлінді / Фото: medicalbusinesschool.com

Былтыр елдегі денсаулық сақтау саласын жақсартуға 2,6 триллион теңге бөлінді. Алайда қазақстандықтардың медициналық қызметтерге көңілі толмайды. Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев айтты.

Сенат спикері денсаулық сақтау жүйесінде әлі де күрделі мәселелер жетерлік екенін атап өтті.

«Өткен жылдың өзінде бұл салаға барлығы 2,6 триллион теңге бөлінді. Бұл-көп ақша! Қызмет көрсету сапасы әрқашан жоғары деңгейде бола бермейді. Зерттеуге сәйкес, азаматтардың 56%-ға жуығы жедел медициналық көмек көрсету орталықтарының қызметіне көңілі толмайтынын білдірген», – деді Сенат спикері палата отырысында.

Оның айтуынша, зерттеуді 2023 жылы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы (BNS ASPiR) жүргізген.

«Біз басқа сауалнамаларға сенбеуіміз мүмкін, бірақ біз BNS ASPIR деректеріне сенімділікпен қарауымыз керек. Пациенттердің медициналық көмек көрсету сапасына қанағаттанбауын назарға алатын комиссия бар. Жанжалдарды және басқа да мәселелерді қарайтын медициналық мекемелер ішіндегі комиссиялардың объективтілігіне қатысты да мәселе туындайды», – деді ол.

Мәулен Әшімбаев басқа да медициналық қызметтерді алуда шешімін таппаған түйіткілді мәселе жетерлік екенін атап өтті.

«Мәселен, білікті мамандардың жетіспеушілігі, ұзын-сонар кезек, дәрі-дәрмек бағасы мен қызмет көрсету құнынның тым қымбат болуы. Міне, халық айтып отырған негізгі төрт аспекті», – деді парламенттің жоғарғы палатасының басшысы.

 Спикер Қазақстан медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметін сақтандырудың жаңа жүйесіне көшсе, онда олардың қызметін тәуелсіз бағалау жүйесін құру өте маңызды екенін айтты.

«Егер бағалауды мекемелердің өзі жүргізсе немесе оған әсер етсе, онда біз бұл жерде тепе-теңдікті бұзып, емделушілердің мүдделеріне нұқсан келтіріп жатырмыз», – деп қосты Әшімбаев.

Айта кетейік, Сенат депутаттары  «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заңда медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында мынадай түзетулер көзделген:

  •  қызметтік міндетін атқару кезінде алған жарақаты салдарынан қаза тапқан немесе мүгедек болып қалған медицина қызметкерлерінің балаларына өтініші бойынша конкурстан тыс жоғары білім беру ұйымдарына оқуға қабылдауда білім грантын беру;
  • тұрғылықты жері бойынша жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің балаларына жергілікті атқарушы органдардың мектепке дейінгі ұйымдардағы орынды басым тәртіппен беруі;
  • «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес медициналық мамандық бойынша әскери қызметке құқық беру немесе әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру, сондай-ақ медициналық практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге қатысу;
  • тиісті ақшалай сыйақы төлей отырып «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағын тағайындау, жыл сайын «сала бойынша үздік» мамандарды анықтайтын конкурстар өткізу;
  • ауылдық жерге кемінде 5 жыл мерзімге жұмысқа келген аса тапшы мамандарға ең төменгі жалақының 100 еселенген шамасы мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем төлеу;
  • кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін жүрген кездегі көлік шығындарын өтеу.;
  • қылмыстық кодекстің 317-бабын ізгілендіру, атап айтқанда қамауға алу мерзімі мен айыппұл мөлшерін азайту.

Денсаулық сақтау қызметіне бірқатар тиісті өзгерістер енгізіледі

Таяуда Денсаулық сақтау министрлігі  салада бірқатар тиісті өзгерістер енгізілетінін айтқан еді. Министрлік МӘМС жүйесіне жарна мен аударымдарды есептеу үшін ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) 10-нан 50-ге дейін ұлғайтуды ұсынды. Егер заң жобасы қабылданса, бұл өзгерістер жұмысшылардың жалпы санының 9%-на әсер етуі мүмкін. Өкілдік денсаулық сақтау саласының қаржыландырылмауына байланысты төлемдердің бес есе өсуі қажет екенін түсіндірді.

Денсаулық сақтау министрлігі заң жобасын «Ашық НҚА» порталында жариялады.

Заң қабылданса, МӘМС-ке ең жоғарғы аударым жұмыс берушілер үшін 2024 жылы 25 500 теңгеден 127 500 теңгеге дейін өседі.

Ал жалдамалы қызметкерлер үшін жарна 17 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін өседі.

Заң жобасы қабылданса, ай сайынғы табысы 850 мың теңгеден асатын жалдамалы қызметкерлердің тек 9%- ына ғана бұл өзгерістер әсер етпек.

Сондай-ақ оқыңыз