Жаңалықтар

Apple канадалық  DarwinAI  стартапын сатып алды

Apple канадалық  DarwinAI  стартапын сатып алды/Фото:

Apple компаниясы компьютерлік емес жасанды интеллект технологияларын жасауға маманданған канадалық DarwinAI  стартапын сатып алды. Капиталдандыруды жоғалтқан iPhone өндірушісі AI технологиясын дамытуда бәсекелестерінен артта қалады. Бірақ инвесторларға биылғы жылы серпіліс береді.

Толығырақ

Apple осы жылдың басында DarwinAI-ды сатып алды.  Содан кейін,  Канаданың Ватерлоо қаласында тұратын  ондаған стартап қызметкерлері Apple компаниясының жасанды интеллект бөліміне қосылды.  Бұл туралы  Bloomberg хабарлады. Олардың айтуынша, Apple-дегі жасанды интеллект тобын Ватерлоо университетінің жасанды интеллект зерттеушісі Александр Вонг басқарды. Ол DarwinAI-ды  құруға көмектесті.

Канадалық Communitech стартап-қауымдастығының есебінше, DarwinAI   2022 жылғы жағдай бойынша Honeywell Ventures, Inovia Capital және басқа да венчурлық қорлардан 15 миллионнан астам доллар жинады. DarwinAI бірнеше ірі компаниялармен, соның ішінде Lockheed Martin және Intel компанияларымен жұмыс істеді.

Нарық реакциясы

DarwinAI-ды сатып алғаннан бастап, Apple акциялары Нью-Йорктегі сауда-саттықта 1% – ға яғни 173,4 долларға дейін қымбаттады. Негізгі сауда сессиясының қорытындысы бойынша  өсім 1,1%, постмаркетте — 0,1% құрады.

Apple өкілі «кейде кішігірім технологиялық компанияларды сатып алады» деп мәлімдеді. Соңғы онжылдықта Apple көптеген бәсекелестерге қарағанда AI компанияларын сатып алғанымен, ол генеративті ІТ нарығының көшбасшыларынан артта қалды.

Қытайдағы iPhone сатылымының төмендеуі Apple-дің нарықтық құнына теріс әсер етеді. Apple компаниясының капиталдандыруы жыл басынан бері 6,8% – ға төмендеді. Microsoft сол уақытта шамамен 15%-ға қымбаттады. Танымал сарапшы Мин-Чи Куоның айтуынша, Apple егерде AI жаңалықтарымен таң қалдырмаса , капиталдандыру бойынша Nvidia-дан артта қалуы мүмкін.

«Жаңа көкжиектер»

Ақпан айының соңында өткен акционерлер жиналысында Apple компаниясының бас директоры Тим Кук компания осы жылы жасанды интеллект саласында «жаңа көкжиектер ашады» деп уәде берді. Содан кейін Apple басшысы бұл сала бойынша егжей-тегжейлі ақпараттармен бөліспеді.

CNBC ақпаратына сүйенсек,  компания маусым айында жыл сайынғы Worldwide Developers конференциясында (WWDC) жаңа бағдарламалық өнімдер мен мүмкіндіктерді хабарлайды. Бұл конференцияда Apple iPhone-ға арналған операциялық жүйенің жаңа нұсқасы IOS 18-ді ұсынады. IOS 18 Siri дауыстық көмекшісі мен кейбір қосымшалар үшін жаңартылған жасанды интеллект дизайны мен мүмкіндіктеріне ие деген қауесет бар.