Тарихи максимумды жаңартқаннан кейін, биткоин құны жұма күні төмендеді. Соңғы айларда криптовалюталардың өсуіне пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі туралы болжамдар ықпал етті. Бірақ қазір инвесторлар жаңа болжамдарды қайта қарастыруда, деп жазады Bloomberg.
Толығырақ
Жұма күні таңертең биткоин Азиядағы сауда-саттықта 5,6% – ға төмендеді. Содан кейін криптовалюта таңертеңгі құлдыраудың орнын толтырып, бір монета- 68,6 мың долларды құрады. Бір күн бұрын биткоиннің бағасы 73,8 мың долларға жетіп, жаңа рекорд орнатқан болатын. Жұма күні басқа криптовалюталар да арзандаған болатын. Мысалы, Ethereum 3,2%, BNB 3,3% жоғалтты.
Сарапшылар не дейді
City Index компаниясының нарық талдаушысы Мэтт Симпсон биткоин құбылмалылығымен танымал және бұрын рекордтық деңгейге жеткеннен кейін де талай құлдыраған деп еске түсірді.
Инвесторлардың ФРЖ маусым айында пайыздық мөлшерлемелерді төмендете деген үміттері де әлсіреді. Егер бір апта бұрын фьючерстер маусым айында мөлшерлеме төмендеуінің 74% ықтималдығын көрсетсе, қазір 60% – ға дейін төмендеді деп жазады Reuters CME FedWatch деректеріне сілтеме жасап. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер криптовалютаға теріс әсер етеді, деп атап өтті агенттік.
Bloomberg IG Australia талдаушысы Тони Сикамордың жазбасына сүйенсек, төрт күн қатарынан рекордтар орнатқан биткоин » АҚШ-тағы доллардың өсуі мен өндірушілердің бағалары туралы соңғы деректерден кейін төмендеді».
Алда не күтіп тұр
Bank of America компаниясының бас инвестициялық стратегі Майкл Хартнетт Bloomberg Television эфирінде технологиялық компаниялар мен криптовалюта акцияларының рекордтық өсуі нәтижесінде нарықта қаржылық «көпіршіктің» белгілері пайда болғанын айтты.
Coinglass мәліметтері бойынша, соңғы тәулікте трейдерлер криптовалютаның 526 миллион долларға өсуіне байланысты ставкаларды жойды.