Америкалық ірі халықаралық ІТ-дистрибьютор Ingram Micro сәуір айында АҚШ-та IPO өткізуі мүмкін, деп жазды Bloomberg. Компания өзінің электрондық коммерция қызмет бизнесінің бір бөлігін сатқанымен, өз құнын жоғары бағалайды.
Толығырақ
IPO-ға дайындық барысымен таныс Bloomberg сұхбаттасушылары, Ingram Micro АҚШ-та алдағы алғашқы акцияларды орналастыру барысында шамамен 8 млрд доллар көлемінде бағалауды қарастыруда дейді.
Ingram Micro-ның биржаға шығуына дайындық кезінде Goldman Sachs және Morgan Stanley банктері қатысады. Дереккөздердің айтуынша, листинг сәуір айында болуы мүмкін. Талқылаулар жалғасуда және листингтің егжей-тегжейлері, оның ішінде бағалау мен мерзімдер өзгеруі мүмкін.
1979 жылы негізі қаланған Ingram Micro компаниясы 2022 жылы сатылымнан 50,8 миллиард доллар табыс тапты. Компанияның 61 елде бизнесі бар. Соңғы сегіз жылда компания иесі екі рет ауысты. 2016 жылы Қытайлық HNA Group конгломераты Ingram Micro-ны 6 миллиард долларға сатып алды. The Wall Street Journal айтуынша, HNA Group сол кездегі Ingram Micro акцияларының бағасына 39% сыйақы төлеген.
2021 жылы Ingram Micro компаниясының жаңа иесі Platinum Equity инвестициялық қоры болды. Ол Ingram Micro-ны HNA Group-тан 7,2 миллиард долларға сатып алды. HNA Group компаниясы қаржылық қиындықтарға тап болды.
Көп ұзамай Micro Ingram Platinum Equity қорының бақылауына өткеннен кейін бизнестің көп бөлігін, 3 млрд долларға француздық CMA-CGM Group логистикалық компаниясына «технологиялар мүмкіндіктерді кеңейту» үшін сатты.
Ingram Micro 2022 жылы АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына құпия түрде листингке өтініш берді. Технологиялық компаниялар АҚШ-тағы IPO нарығын қалпына келтіруге қосыла бастаған кезде компания листингке дайындықты күшейтті.