Алматы әкімдігі қалада 30 мың автотұрақ орындарын салу үшін жер учаскелерін кері сатып алу жұмыстарын жүргізуде – Досаев

Жарияланды (жаңартылды )
атотұрақ
Қала әкімдігі автотұрақ орындарын 30 мыңға көбейтуді көздеп отыр / Фото: kursiv.media

Алматы қаласы 30 мың жаңа автотұрақтар пайда болады. Бұл жайлы Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде қала әкімі Ерболат Досаев айтты.  

Жиында әкімге жеке автотұрақ операторының өкілі автотұрақ тапшылығы мәселесін шешуді көздейтін технологиялар бойынша жұмыс істейтінін жеткізді. Ол қала әкімінен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде әріптестік орнату мүмкіндігін сұрады.

« Сіздің бірінші кезекте жобаның экономикалық негіздемесіне мән беретініңізді білеміз. Біз өз жобамыздың экономикалық тұрғыдан тиімділігін негіздей аламыз. Автотұрақтар технологиясы бойынша әлем бойынша бірінші орында тұрмасақ та, біз ұсынатын технологиялық шешімдер ұтымды екеніне сенімдіміз. Осы орайда бізге пилоттық режимде жер бөліп берулеріңізді сұраймыз», – деді кәсіпкер.

Өз кезегінде Ерболат Досаев автотұрақ орындарын көбейту мәселесі қарастырылып қойғанын, бүгінде оған арналған жер учаскелерін сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

«Біз алматылық бизнеске қашан да қолдау көрсетуге дайынбыз. Бірақ сіздердің жұмыс жүргізулеріңіз үшін бірінші кезекте автотұрақтар пайда болуы керек. Біз бүгінде барлық қала аудандарында автотұрақтарды кеңейту жұмыстарын қарастырып жатырмыз. Ол үшін әкімдік жер учаскелерін кері сатып алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен бірге жалға берілген автотұрақтар мәселесін де шешіп жатырмыз»,  –деді. 

Қала басшысы әкімдіктің бизнес әріптестікке ашық екенін, атотұрақтар бойынша жұмыс істегісі келетін компаниялардың арнайы пулы дайындалып жатқанын жеткізді. 

«Ақылы тұрақ орындарының саны тек тарихи орталықта ғана емес, барлық аудандарды қоса алғанда, 30 мыңнан асады деп жоспарланып отыр.  Осыдан кейін біз жеке операторлармен ынтымақтастықты талқылауға дайынбыз»,  – деді әкім. 

Еске сала кетсек, өткен жылдың күзінде Алматыда бұрынғы A-Parking операторы 2023 жылдың 15 шілдесінен бастап ақылы автотұрақтарға қызмет көрсетуді тоқтатты. Автотұрақтарға қызмет көрсету бойынша барлық өкілеттік Алматы әкімдігіне, атап айтқанда Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының «Алматы паркинг» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына берілді.
Жерге актілер әр аудан бойынша жеке дайындалады, осыған байланысты ақылы коммуналдық тұрақтарды іске қосу кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Сонымен бірге Алматыда ақылы автотұрақтарды ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Оған сәйкес Алматы қаласында автотұрақтарға ақы төлеу электрондық терминал арқылы жүргізілмейді. Арнайы QR кодттары арқылы төлем төлеу тетігі енгізілді. 

Сондай-ақ оқыңыз