Қазақстандықтар ақпан айында тұрғын үй-коммуналды қызмет ақысының анағұрлым өскенін байқады

Жарияланды
Коммуналды қызмет ақысы көтерілді / архив kursiv.media

Қазақстандықтар ақпан айында коммуналды қызмет ақысы айтарлықтай көтерілгенін байқаған. Ақпан айында елдегі тұтынушылық сенім индексін бағалаған United Research Technologies Group сарапшылары осындай тоқтамға келді.

«Ақпан айының қорытындысы бойынша тұрғын үй-коммуналды қызмет ақысы анағұрлым өскені байқалған. Қаңтар айында тарифтердің өскенін қазақстандықтардың 12,5%-ы байқаған. Ақпан айында әрбір төртінші қазақстандық оған назар аударған (18,3%, +5,9 п. п.)», – деп жазады сарапшылар.

Жыл басынан бері коммуналды қызмет тарифтері күрт қымбаттаған ақы ретінде қазақстандықтарды алаңдатып отырғанын Статистика бюросының мәліметтері де растайды.

Ұлттық стаститика бюросының дерегінше, ақпан айында ақылы қызметтердің құны күрт өскен (12,8%). Соның ішінде тұрғын үй-коммуналды қызмет ақысының тарифтері 2023 жылдың ақпан айымен салыстырғанда 19,9 дан 33,9%-ға дейін шарықтапты.

Қызмет ақысы қымбаттады, азық-түліктің бағасы ше

Дегенмен сауалнамаға қатысқандар ақпан айында кейбір азық-түлік тауарларының бағасы арзандағанын да атап өтіпті. Ет пен құс еті 5,9 п.т төмендеп 35,7%-ды құраған. Сүт пен сүт өнімдері (34,8%, –2,6 п. п.), нан және нан өнімдері (31,3%, –1,7 п. п.), көкеніс пен жеміс (29%, –2,8 п. п.) те аздап төмендеген. Жалпы, қазақстандықтар негізгі азық-түлік тауарларының бәріне баға айтарлықтай көтерілмегенін атап өтті.

Бірақ та тамақтардың арасында едәуір қымбаттағаны да жоқ емес. Мысалы, ұн (26%, –1,1 п. т.), жарамалар, макарон өнімдері (24,4%, –1,1 п.т.) бар. Сонымен қатар жұмыртқа (22,5%, –5,4 п. т.), қант пен тұз (21%, –2,8 п. т.) және өсімдік майы (19,8%, –0,1 п. т.).

Еске саламыз, 2023 жылдың маусым айында  ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидаты енгізілетінін хабарлаған. Ол бойынша тарифтік саясатты реформалау жүргізіледі. Сол бойынша коммуналды қызмет көрсету саласына жаңа инвестицияларды ынталандыру қолға алынады. Соның көмегімен коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз