Наурыз айында қандай компаниялардың құнды қағаздарын сатып алған тиімді?

Жарияланды
Наурызда қай компания акциясы тартымды болады?/kursiv.media

Freedom Broker өздерінің инвестициялық идеясын ай сайын таразылап, әлеуетті сатып алушыларға арнап тиімді ұсыныстар жолдап отырады. Бастауыш инвестор қаражатын қандай да бір компания акциясына салмас бұрын бірнеше платформаны сүзіп шығып, талдау жасайтыны түсінікті. Бұл ретте потенциалды акционерлердің осы мақалаға да мән беріп өтуі айырықша маңызды болмақ.

Starbucks Corporation акциялары

Компания сарапшыларының айтуынша, сатып алуға тұрарлық акцияға ие алпауыт компания һәм брендтің бірі де бірегейі – Starbucks Corporation. 1985 жылы құрылған кофе дүкендерінің әлемдік желісі 1992 жылы IPO-ға шықты. Қазіргі уақытта 38 елде 84 мыңнан астам жеке және франшиза бойынша жұмыс істейтін орындары бар. Бүкіл әлем бойынша қызметкерлердің жалпы саны 380 мыңға жуық. Жыл сайынғы сату көлемі 36 млрд доллардан асады.

Соңғы тоқсандық есептің қорытындысы бойынша кофеханалар саны 7 пайызға, 38,59 мыңға дейін өсті. Халықаралық желі бір жыл ішінде 9,9 %-ға, 20,65 мыңға дейін ұлғайған. Сөйтіп АҚШ-тағы белсенді клиенттер саны 34,3 млн-ға жетті (+ 13 % ж/ж).  

«Солтүстік Америка бөлімшесінің кірісі 9 %-ға ж/ж өсіп, 7,12 млрд доллар болды. Үлесі 75,5 пайызды құрады. Салыстырмалы сату 5 %-ға, оның ішінде бағаның 4 %-ғаөсуі аясында артты. Халықаралық нарықта салыстырмалы сату 7 %-ғаөсті, бұл ретте заттай көлем 11 %-ға көбейді, орташа чек 3 %-ға қысқарды. Түсім 10 пайызға, 1,8 млрд долларға дейін ұлғайды. Жиынтық түсім консенсус-болжамға сәл жетпей, 9,42 млрд доллар болды. Starbucks табысының 75 пайызын адал аудиториясы бар үй нарығында алады. Starbucks үлесі 41 %-ға бағаланады. Кофеханалар саны жыл сайын 6-8 %-ғаартады деп болжанып отыр. Халықаралық нарықтағы өсімнің драйвері Қытай болады, онда кофенің танымалдығы артып жатыр және қазірдің өзінде 21 млн адал клиент бар. Жаңалық фонының келеңсіздігі франчайзингтік бизнеске әсер етеді, бірақ жалпы компанияға айтарлықтай қысым көрсетпейді. Кофе дүкендерінің бір бөлігі басқа операторларға сатылады», делінеді Freedom Broker шолуында.

Олардың айтуынша, көптеген сарапшы бұл компания акциясын жақын арада сатып алуға ұсыныс береді. Ең төменгі таргет – 95 доллар, ең үлкені – 150 доллар. Орташа консенсус-болжам 113 долларды құрайды. Нысаналы бағасы – 114 доллар.

Alphabet Inc. компаниясы акцияларының мақсатты бағасы 151 доллар

Google іздеу жүйесін, YouTube бейнехостингін, сондай-ақ көбінесе IT саласында басқа да көптеген активтерді иеленетін Alphabet Inc. компаниясының ауқымы тым кең. Компания бүкіл әлем бойынша бизнес жүргізеді. Ал басым позициядағы өңірлері – АҚШ (2023 жылдың қорытындысы бойынша түсімнің 47 -ын еншіледі) және EMEA (түсімнің 30 %-ы) болып саналады.

Бизнестің негізгі сегменттері – іздеу, YouTube және Google Cloud. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Google іздестіруден түскен түсім жалпы түсімнің 57 %-ын құрады. Ал YouTube-дағы жарнама 10 пайызды құрады. Impression агенттігінің мәліметінше, Google-дың әлемдік іздестіру нарығындағы үлесі 80 %-дан асады. Сондай-ақ компания түсімінің едәуір бөлігін клиенттердің қажеттіліктері үшін есептеу қуаттарын ұсынумен айналысатын Google Cloud сегменті құрайды. Аталған сегменттің негізгі драйверлерінің бірі жасанды интеллекттің қарқынды дамуы болып саналады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Google Cloud түсімі жалпы түсімнің 11 пайызын құрап отыр.

«Соңғы тоқсандық есептен бастап компанияның акциялары екі құлдырауды көрсетті. Тоқсандық есептің өзі іздеу нәтижелерінің күтілгеннен нашар болуына байланысты акциялардың 10 %-ғ атөмендеуіне алып келді. Google іздеуінен түсім күтілген 48,1 долларға қарағанда 48,0 млрд долларды құрады. Google іздестіруден түскен түсім бөлігіндегі жалпы келеңсіз тосын сый соншалықты елеулі емес екенін ескерсек, Google Cloud ЖИ сегментімен байланысты керісінше күтілгеннен гөрі жақсы болып шықты (сегменттің түсімі 9,2 млрд долларды құрап, 26 %-ға өсті, ол кезде 22 пайыз және 8,9 млрд доллар күтілген еді). Сондай-ақ 2024 жылғы 23 ақпаннан бастап, Google-дың Gemini үлгісіндегі кескіндеме жасау функциясын уақытша өшіретіні туралы жаңалықтар кезінде тағы бір, бірақ едәуір төмендеу (шамамен -5 пайыз) байқалады. Функцияны қайтару күні аталмады, бұл инвесторлардың алаңдаушылығын тудырды және Google-дың AI-жарыста артта қалуы туралы мәселені көтерді.

Біз сондай-ақ бұл төмендеуді сатып алу мүмкіндігі деп есептейміз, себебі бұл жағдай компанияның жасанды интеллект саласындағы іргелі мүмкіндіктеріне қарағанда цензураға және контентті сүзуге байланысты. Сонымен қатар сөз бен бейнелерді генерациялауға арналған ЖИ-модельдер қазір жұртшылықтың назарында болғанына қарамастан, Google табысының негізгі драйвері іздеу болып есептеледі, онда ЖИ-құралдар да қолданылады, оларды пайдалану компанияның қаржылық өлшемдері үшін Gemini-дегі суреттерді генерациялауды өшіруге қарағанда анағұрлым маңызды», деп түсіндіреді сарапшылар.

Осылайша, Google акциялары тартымды мүмкіндік болып тұрған жайы бар. Мақсатты бағасы – 151 доллар.

Бағасы тартымды болатын тағы бір компания акциясы – Adobe Inc.

Ұсынылатын үшінші компания – Adobe Inc. Бұл – қарапайым құжаттар мен веб-беттерден фото және бейне графикаға дейін әртүрлі цифрлық контент жасауға, сондай-ақ клиенттік жолдың барлық процесін жасауға, талдауға және басқаруға арналған бағдарламалық жасақтама әзірлейтін америкалық технологиялық компания. Компанияның төрт негізгі сегменті бар. Олар – Adobe Creative Products (2023 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық түсімнің 59 пайызы), Document Services (14 пайызы), Digital Experience (25 пайызы) және Publishing & Advertising (2 пайызы).

«Adobe ЖИ айналасындағы ағымдағы буманың басты бенефициарларының бірі болып саналады, сондай-ақ бизнестің негізгі қазіргі сегменттерінде жетекші орындарды иеленеді және жаңа перспективалы бағыттарды белсенді түрде дамытады. Компанияның соңғы тоқсандық нәтижелері ЖИ енгізуден бірден пайда күтетін тым оптимистік инвесторларды таң қалдырмады. Дегенмен клиенттер Adobe өнімін белсенді пайдаланып жатыр және AI монетизациясы жеделдетіледі, бұл нарық қатысушыларының, бұлтты қызметтер провайдерлерінің және тіпті Nvidia сияқты чиптерді жеткізушілердің түсініктемелерін растайды. Жасанды интеллект (ЖИ) үлгілерінің компанияның барлық өнімдерінде тікелей қолданылуы маңызды. Осының бәрі орта мерзімді перспективада мықты қаржылық нәтижелер мен менеджменттің болжамдарын күтуге мүмкіндік береді.

Біз 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы нақты нәтижелер нарық күткеннен де жақсы болады деп ойлаймыз. Бизнестің барлық сегментінде өсімнің анағұрлым күшті қарқынын көреміз, бірақ ARR мен клиенттер санының динамикасына ерекше назар аударылады. Компания Adobe GenStudio платформасында өзінің барлық өнімдерінің және AI Firefly-дің жіксіз интеграциясын дамытуды жалғастырып жатыр, бұл бүкіл платформаның құндық ұсынысын айтарлықтай жақсартады және сату процесін жеңілдетеді. Жыл қорытындысы бойынша Adobe барлық негізгі санаттарда даусыз көшбасшы болып қала береді, мұны 25-тен астам тәуелсіз талдау агенттіктерінің есептері растайды. Қазір Adobe негізгі мультипликаторлар бойынша 5 жылдық орташа деңгейден төмен сатылады. Барлық техникалық индикаторлар акциялардың өсуіне қарай қайтарылуын көрсетеді»,дейді Freedom Broker.

Компания акциясының нысаналы бағасы – 650 доллар.

Agnico Eagle Mines (AEM) тау-кен компаниясының акциялары да тартымды болмақ

Сарапшылар Канада, Австралия, Финляндия және Мексикада алтын мен күміс өндіретін Agnico Eagle Mines (AEM) тау-кен компаниясын жоғары маржиналдық және төмен бағамен өсіп келе жатқан бизнес деп сипаттайды.

«AEM ресурстар саны бойынша алтын өндіруші компаниялар арасында әлемде үшінші орында тұр. 2023 жылғы төртінші тоқсанда алтын өндіруші компанияның өндірісін (AISC) қолдауға жұмсалатын жалпы шығындар бір унция үшін 1227 долларға дейін өсті.

2023 қаржы жылындағы көрсеткіш бір унция үшін 1179 долларды құрады. 2024 жылы компания AISC-ті унциясы үшін 1200-1250 доллар деңгейінде күтеді (өсім 2-6 пайыз). Компания 875-925 доллар диапазонында унция үшін жалпы ақшалай шығындарды және 1 200-1 250 доллар диапазонында унция үшін AISC болжайды, бұл 2023 жылға қарағанда біршама жоғары. 2023 жылы бір унция үшін 776 доллар маржасын және келесі жылға болжанатын осындай маржаны ескере отырып, компания осындай көлемдегі басқа компаниялардың арасында теңдесі жоқ 60 пайыздық EBITDA маржасын мақтан тұтады», деп мәлімдейді сарапшылар. 

AEM-нің жыл көкжиегіндегі мақсатты бағасы  – 62 доллар.

Сондай-ақ оқыңыз