Kazakhstan Kagazy экс-директоры БАӘ-де ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Kazakhstan Kagazy экс-директоры БАӘ ұсталды / коллаж kursiv.media

Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы  бас директоры Мақсат Әріп Біріккін Араб Әмірліктері аумағында ұсталды.

Polisia.kz порталының ақпаратына сүйенсек, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген азамат БАӘ-де ұсталды.

«Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры Мақсат Әріп ұсталды», – делінген хабарламада. 

Оған аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті іздеуге жариялаған.

Мақсат Әріп Kazakhstan Kagazy компаниясын 2003 жылдан 2008 жылға дейін басқарған.

Алаяқтықтың жаңа түрі

Еске салайық, алаяқтар өзін сот орындаушылары ретінде таныстырып, халықты алдауға көшкен

Алаяқтар Әділет министрлігінің атын жамылып, халықты алдай бастаған. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

«ҚР Әділет министрлігі алаяқтар өздерін әділет органдарының қызметкерлері немесе сот орындаушылары ретінде таныстырып жүргенін ескертеді. Олар азаматтарға хабарласып, атқарушылық құжаттардың талаптарын орындауды, банк шоттарын бұғаттап, жүргізуші куәлігін тоқтата тұрумен және т. б. түрлі жолдармен қорқыта отырып, берешекті өтеуді талап етеді», – дейді Талғат Уәли.

Жалпы 2023 жылы алаяқтар 97 миллиард теңгеге жуық қаржыны қолды қылған. Мұндай құқық бұзушылықтардың жартысына жуығы интернет-алаяқтыққа қатысты: 19,9 мың жағдай, жылдық өсім — 5,8%. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде төлем карталарын пайдалана отырып (267 жағдай), кредит беру саласында (53 жағдай), ақшалай қаражатты қарызға алу жолымен (41 жағдай) және т.б. алаяқтық әрекеттер тіркелген.

Елімізде алаяқтық 3%-ға артқан

Ал Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев депутаттардың сауалына берген жауабында 2023 жылы қабылданған шараларға қарамастан, алаяқтықтың 3 %-ға артқанын айтты. Солайша бұл бағыттағы қылмыстар саны 43 499-дан 44 786-ға дейін артқан. Ал олардан келтірілген залал 26%-ға өсіп, 110млрд теңгеден 139млрд теңгеге жеткен.

Маусымда Ішкі істер министрлігі Қазақстан бойынша 34 млн алаяқтық қоңырау бұғатталғанын мәлімдеді. Өткен жылы интернет-алаяқтық кезінде ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан 5 трансұлттық қылмыстық топ анықталған.

Ал өткен жылдың желтоқсан айында Украинаның ұлттық полициясымен бірге Днепропетровск облысының аумағында арнайы операция жүргізілген. Нәтижесінде қазақстандықтарды алдаумен айналысып, алаяқтық жасап жүрген Украинаның 32 азаматынан тұратын қылмыстық топ құрықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде IP-телефонияны пайдалану арқылы жасалатын телефон алаяқтығы екі есе төмендеген. 

Сондай-ақ оқыңыз