2024 жылдың ең ұзақ мерекелік демалыстары басталады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Пять выходных дней. В Казахстане началась праздничная неделя в честь Наурыза
2024 жылдың ең ұзақ мерекелік демалыстары басталады / shutterstock

21-25 наурыз аралығында 2024 жылдың ең ұзақ мерекелік демалыстары басталады. Осы апта қазақстандықтар небәрі 3 күн жұмыс істейді.

Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлау аптасы басталды. Бұл мерекеде қазақстандықтар бес күн қатарынан демалады. Алматы мен Астанада Наурызға орай 700-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда.

eGov

Елорда тұрғындары 21-22 наурызда қалалық алаңда, EXPO аумағында, «Қазақ елі» монументінің жанында, «Бәйтерек» монументінің алаңында, орталық саябақта және тұрғын алаптарда өтетін «Наурыз – Береке» іс-шараларына қатыса алады. Сондай-ақ 21 наурызда халықаралық көрме орталығында көшпелі өркениеттер фестивалі өтуі мүмкін.

23 наурызда сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясы және «Тазалық эстафетасы» жобасы шеңберінде «Тазару» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтеді.

Бұған дейін 18 наурыз – «Ұлттық киім күні». Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Жас дизайнерлер арасында «ұлттық киім күні» мерекесіне орайластырылған «Fashion Show» ұлттық киім байқауы өтетінін жазған едік

19 наурыз – «Жаңару күні». Жамбыл атындағы Қалалық жасөспірімдер кітапханасында Қазақ халқының ою-өрнегі мен «Ою мен ой» ұлттық киімі бейнеленген кітап көрмесі өтеді. Сондай-ақ, осы күні қаланың барлық аудандарында ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылады. 

20 наурыз – «Ұлттық спорт күні». Оқушылар арасында «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынынан турнирі өтеді. Сонымен қатар, Алматы галереясында Наурыз мерекесіне арналған суретшілер мен мүсіншілердің тақырыптық көрмесі өтеді. Республикалық академиялық Неміс драма театрында «Рух» тақыптық қойылымы өтеді.

21 наурыз– «Ынтымақ күні». Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Наурыз мерекесіне арналған «НАУРЫЗ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ» концерті өтеді. Сондай-ақ, қала тұрғындары «КӨШ. НАУРЫЗ-ДУМАН!» мерекелік бағдарламасын тамашалай алады. Бұған қоса, 21-22 наурыз 19:00-ден 22:00-ге дейін «Астана» алаңында мерекелік концерт өтеді. Сонымен қатар, Мемлекеттік орталық мұражайында «Наурыз нақыштары» Халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтеді. 

21-23 наурыз аралағында күні бойы қала орталығында «Наурыз» мерекесіне арналған ойын-сауық-танымдық бағдарлама ұйымдастырылады. Дәл осындай шара «Алатау» дәстүрлі-өнер театрында да ұйымдастырылады. 

22 наурыз – «Жыл басы». ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында «Ұлы дала тынысы» тақырыбындағы ұлттық бұйымдар көрмесі өтеді. 

23 наурыз – «Тазару күні». Жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен бірлесіп коммуналдық қызметтердің күшімен су айдындарын тазалау және аула аумақтарын тазалау жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз