Жаңалықтар

Қазақстандық ұстаз британдық әнші Dua Lipa-ның альбомына музыка жазды

Ерқанат Ерғазыұлы
Ерқанат Ерғазыұлы – Абай облысының ауылында биология пәнінен сабақ береді / Фото: kursiv.media

Қазақстандық музыкант әрі ұстаз Ерқанат Ерғазыұлы британдық әнші Dua Lipa-ның жаңа альбомына музыка жазды. Бұл жайлы автор өзінің инстаграм парақшасында жариялаған.

Ерқанат Ерғазыұлы Абай ауданы Қарауыл ауылында биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол сонымен бірге өнер адамдарына аранжировка жазумен айналысады. Музыкант Say Mo, BikaBreezy, Delacure, Rick сынды қазақстандық әртістермен жұмыс істеген. Қаңтар айында Ерқанат танымал бразилиялық әнші Anitta ft. Melody-дің Mil Vezes әніне ремикс жазған. Бұл туынды ресми жарияланып, әншінің арнасында шыққан.

Бұл өнер иесінің бірінші шетелдік жобасы емес, желтоқсан айында ол америкалық рэперлер Lil Tjay & Fivio Foreign – Last Christmas бейнебаянына атсалысқан.

Ал 3 мамырда британдық әнші Дуа Липаның альбомы жарық көреді. Альбом «Radical optimism» деп аталады. Біздің отандасымыз бұл альбомдағы 1 әнді әрлеген.

Еске сала кетсек осыдан 3 жыл бұрын тағы бір отандасымыз шетелдік әнге ремикс жазып, Грэмми сыйлығын алған болатын. Ақсу қаласының тумасы Иаманбек Зейкенов рэпер Saint Jhn орындауындағы «Roses» әнін өңдеді. Бұл туынды әлемдік танымал композицияға айналған.

Roses әнінің орындаушысы америкалық рэпер Saint JHN. Әншінің бұл әні 2019 жылы қазақ ремиксі шыққаннан кейін ғана танымал болды.

Оның ремиксі жаһандық Shazam чартына және америкалық Billboard диаграммасында биіктен көрінді. Содан кейін онымен ресейлік Effective Records компаниясы келісімшартқа отырған болатын.