Жаңалықтар

Қор нарығына шолу:  АҚШ-тағы технологиялық сектор қайта жанданды, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 86 доллардан асты

Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 86 доллардан асты/Фото: REUTERS/Brendan McDermid

АҚШ-тағы технологиялық сектор жасанды зердені дамуы туралы жағымды жаңалықтардан кейін қайта өсті. Инвестициялық қорлар Қытай акцияларына деген көзқарасын өзгерте бастады.  Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 86 доллардан асты.

АҚШ-тағы технологиялық сектор қайта өсуде

Технологиялық сектор нарықтағы деңгейді қайтадан жоғары көтеруде. Yahoo Finance айтуынша, S&P 500 индексі шамамен 0,63% – ға, ал Nasdaq Composite 0,82% және DOW 0,2% – ға өсті.

Bloomberg ақпаратына сүйенсек, Бигтех Apple және Alphabet (Google) iPhone-да Google Gemini жасанды интеллект бағдарламасын пайдалану туралы келіссөздер кезінде жақсы нәтиже көрсетті.   Америкалық Аlphabet холдингінің (Google бас компаниясы) құнды қағаздары кеше 4,6% – ға тұрақтады.

Жақсы жаңалықтардың бірі- NVIDIA-ның жаңа чипі. Ол жасанды интеллект мәселесін тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Skagen және Boston Partners қытайлық акцияларға қайта оралды

Bloomberg ақпаратына сүйенсек, инвестициялық қорлар Қытайдың акцияларына деген көзқарасын өзгерте бастады. Сарапшылардың айтуынша, бұл құнды қағаздарды сатып алудың уақыты келді. Норвегиялық Skagen қоры ақпан айының соңында Қытайдың дамушы нарықтар портфеліндегі бағалы қағаздардың үлесін 32% – ға дейін арттырды. Boston Partners компаниясының Қытай акцияларындағы активтері алты айда екі есеге өсті. Оның дамушы нарықтар портфелінің 47,5%-ды құрады.

Инвесторлардың әлемдегі екінші ірі қор нарығына деген сенімі Қытайдың 2024 жылдың алғашқы екі айындағы жақсы экономикалық көрсеткіштері аясында қалпына келді. Көрсеткіштер  сарапшылардың күткенінен де асып түсті. Бөлшек сауда жылына 5,5% – ға, өнеркәсіптік өндіріс 7% – ға , экспорт доллармен 7,1% – ға, ал импорт 3,5% – ға өсті.

CSI 300 материктік Қытай акцияларының индексі өткен жылы 11%-ға төмендегеннен кейін қаңтардан бастап 5% – ға өсті.

Әлемдік нарыққа шолу

Brent маркалы мұнайдың бағасы 6 қарашадан бері алғаш рет барреліне 86 доллардан асты. Bloomberg-тің  жазуынша, баға жыл басында шикізатқа сұраныстың артуына, Қытайда қайта өңделген мұнайдың рекордтық көлеміне байланысты өсті. Сондай-ақ мұнай Ресейдегі МӨЗ-ге дрондардың шабуылдарының салдарынан  қымбаттамақ.

Morgan Stanley сарапшылары III тоқсанда Brent маркалы мұнай бағасы бойынша болжамын бірден  10 долларға, яғни барреліне  90 долларға дейін көтерді. Сарапшылар бұл болжамды нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тапшы балансына сүйене отырып жасады.

Ақпан айында еуроаймақтағы инфляция 2,6%-ға, ЕО-да 2,8% – ға дейін баяулады. Соңғы бағалау алдын-ала жарияланған мәліметтер және Trading Economics сауалнамасына қатысқан талдаушылардың консенсус көзқарасымен сәйкес келді.

Goldman Sachs АҚШ-тың ФРЖ ақша-несие саясатының болжамын өзгертті. Ол пайыздық мөлшерлемені биыл төрт емес, төрттен бір тармаққа төмендетуді қарастырды. Сарапшылар әлі де маусым айында мөлшерлеменің төмендеуін күтеді.