NVIDIA акциялары жаңа жасанды зерде чипінің тұсаукесерінен кейін төмендеді

Жарияланды
NVIDIA акциялары төмендеді/Фото: Nvidia ЖИ тұсаукесерінен сурет

NVIDIA жасанды интеллект әзірлеушілеріне арналған «Вудсток» деп аталатын конференциясында ЖИ модельдерін орналастыруға арналған чиптер мен бағдарламалық жасақтаманың жаңа буынын ұсынды. Бірақ бұл жаңалық инвесторларды таңқалдырмады. Компанияның акциялары шамамен 2% – ға төмендеді.

Толығырақ

Тұсаукесерден кейін NVIDIA-ның құнды қағаздары постмаркетте 1,8%-ға, 869 долларға дейін арзандады. Бұған дейін негізгі сессия барысында акция құны 0,7%-ға өсті.

Bloomberg жазуынша, Nvidia чиптерінің жаңа буыны туралы хабарландыру асыға күткен жаңалық болған. Тұсаукесерге дейін компанияның құнды қағаздарының бағасы тарихи рекордқа дейін, яғни 79%-ға өсті.

Nvidia не ұсынды

Компания жаңа Blackwell жасанды интеллект платформасын және алдыңғы Hopper H100-ден бес есе қуатты GB200 чипін көрсетті. Nvidia алғаш рет NIM бағдарламалық жасақтамасын әзірледі. Бұл NVIDIA осыған дейін шығарған графикалық чиптеріне жасанды интеллекті орналастыруды жеңілдетеді.

«Генеративті жасанды интеллект -бұл біздің заманымыздың анықтаушы технологиясы. Blackwell GPU-бұл жаңа өнеркәсіптік революцияның қозғалтқышы», – деді NVIDIA басшысы Дженсен Хуанг тұсаукесерде.

Чип өндірушісі жаңа жүйе 27 трлн параметрі бар нейрондық желіні орналастыруға қабілетті екенін айтады. Салыстыру үшін ең үлкен модельдердің бірі — GPT-4-те тек 1,7 трлн параметр бар. Blackwell негізінде жасанды зердені 15 есе күрделі етіп құруға болады.

Blackwell платформасындағы чиптер осы жылдың соңына дейін шығады. Бірақ Nvidia олардың құны туралы хабарлаған жоқ. Алдыңғы буын чипі-H100 25 мың доллардан 40 мың долларға дейін жетті.

Сарапшылар не ұсынады

MarketWatch-тің жазуынша, 60 сарапшының 45-і инвесторларға NVIDIA акцияларын сатып алуға кеңес берді. Тағы тоғызы қағаздарға Overweight («нарықтан жоғары») және алтауы Hold (ұстау) рейтингін берді. Бірде-бір талдаушы акцияны сатуға кеңес бермейді.

Сондай-ақ оқыңыз