АҚШ-та сәнді спорттық автомобильдер өндірушісі тежегіш жүйесінің «өмірге қауіп төндіретін» ақауын жоймады деп айыпталып отыр.
Толығырақ
Калифорния тұрғыны Илья Нечев 18 наурызда Сан-Диего федералды сотына Ferrari-ге қарсы арыз берді. Ferrari бірнеше рет көліктерді кері қайтарғанымен, кейбір тежегіштердегі «өмірге қауіп төндіретін» ақауды әлі жойған жоқ, деп жазды Bloomberg. Арызданушының айтуынша, бұл «уақытша шара» нәтижесінде көптеген Ferrari көліктері жүргізушілер үшін қауіпті болып қала берді.
Нечаевтың өзі 2020 жылы сатып алған 2010 жылғы Ferrari 458 Italia спорттық көлігінде бірінші күннен бастап тежегіште ақау болғанын айтуда.
Оның айтуынша, көліктегі жылдамдықты азайту үшін, тежегішті басқан. Бірақ көлік жылдамдықты азайтқан жоқ. Нечев болған оқиға туралы Ferrari дилеріне хабарлаған кезде, бұл жиі кездесетін мәселе деп жауап берген.
Сот барысында компания клиенттерге «тежегіштің толық істен шығуы» туралы хабарламады деп айыпталып отыр. Нечев ақауды тек негізгі тежегіш цилиндрін ауыстыру арқылы түзетуге болады дейді. Бірақ оның орнына, Ferrari «өмірге қауіп төндіретін ақауы бар мыңдаған көліктерді сатып, пайда табуды» жалғастыруда деді Bloomberg.
Тежегіштегі ақау
2022 жылдың сәуір айында Ferrari тежегіш жүйесіндегі ақауларды жою үшін 458 және 488 модельдерінің бірнеше мың суперкарларын кері қайтарды. Негізгі мәселе тежегіш сұйықтығының резервуар қақпағының ақауы болды. Бірақ Ferrari бүкіл әлем бойынша қайтарылған көліктердің санын нақтылаған жоқ.
Акция
18 наурызда АҚШ-тағы сауда-саттықта Ferrari акциялары 0,5% – ға 426,5 долларға дейін қымбаттады. Ақпан айының соңында құнды қағаздар тарихи максимумды жаңартты. Яғни 430,08 доллар көлемінде қымбаттады.
2022 жылдың сәуір айында автокөліктерді қайтарып алу туралы хабарландырудан кейін Ferrari акциялары 3,3% – ға төмендеді. 2024 жылдың басынан бастап Ferrari акциялары Миландағы биржада 28% – ға өсті.
2023 жылы Ferrari таза кірісті 34% – ға және пайданы 17% – ға арттырды. Бұл компания тарихында екінші жыл қатарынан рекордтық көрсеткіш. Сол кезде компания басшысы Бенедетто Винья «Бұл өте сәтті жыл болды», — деді. «Біздің таза табысымыз алғаш рет 1 миллиард еуродан асты, ал EBITDA кірістілігі 38,2% – ға дейін өсті», деп қосты Винья.
Айта кетейік, осыған дейін Mercedes-Benz әлемдегі ең қымбат автомобиль брендіне айналды деп жазған едік.