Жаңа «Сергек» мүмкіндіктері: Инфрақызыл сәулелі камералар кез-келген бұзушылықты «байқап» қояды

Жарияланды
Сергек
Жаңа «Сергек» камералары ұзақ бұзушылықтарды да байқап қояды / Коллаж: kursiv.media

Қазақстан жолдарына қар мен жауынға қарамастан, мінсіз жұмыс істейтін инфрақызыл сәулелі «Сергек» камералары қойыла бастады. Sergek Group компаниясының мамандары жаңа «Сергектердің» ұсақ бұзушылықтарды да «байқап» қоятынын айтады.

Алматыда жаңа камераларды орнату өткен қыстың аяғында басталған. Жол үстінде үлкен қара «объективтер» пайда болды. Sergek Group компаниясының мәлімдеуінше бұл дөңгелек пішінді құрылғылар камера емес. Инфрақызыл сәуле шығаратын арнайы құрылғы.

Әдетте бір «Сергек» камерасына 3 инфрақызыл сәулесі бар құрылғы қосылады. Ереже бойынша әр жолаққа бір құрылғыдан жүреді. Инфрақызыл сәуле көмегімен «Сергек» камералары көліктің нөмірін ғана емес, сонымен бірге жүргізушінің түрін, белбеу таққан тақпағанын анық көре алады.

«Инфрақызыл сәулелер кез-келген ауа райы жағдайында жұмыс істейді. Қуаты өте жоғары әрі әсер ету индексі де қуатты. Бір құрылғы 10 миллион циклге дейін қызмет етеді. Жарықтандыру диапазонына байланысты қозғалыстың үш жолағын қамти алады»,  – дейді Sergek Group компаниясының өкілі.

Ал жаңа Сергек камералары жылдамдық шегін асыру, көше қиылыстарындағы тұтас сызықты кесіп өту, дұрыс емес жерде тоқтау, тыйым салынған бағдаршам жарығына жүру, арнайы жолдармен жүру сынды бұзушылықтарды тіркейді.

Sergek Group компаниясының хабрлауынша, камералар түсірген жазбалар бір ай бойы базада сақталады. Ал бұзушылықтары бар эпизодтар айғақ ретінде шектеусіз сақталады.

Бүгінде Астана, Атырау, Өскемен, Семей, Түркістан және Тараз қалаларында инфрақызыл жарқылы бар жаңа камералар сынақтан өтіп жатыр. Биыл Алматыда компания 300 осындай аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін орнатуды жоспарлап отыр. Ал болашақта мұндай құрылғылар барлық қалаларда жұмыс істей бастайды.

Еске сала кетсек, бұл жаңа жүйе пилоттық жоба ретінде алматыда желтоқсан аяғында қосылған. Сол кезде ІІМ «Сергек» жаяу жүргінші жолағында жол бермейтіндер мен қауіпсіздік белгісін тақпайтындарды анықтайтынын айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз