Қор нарығына шолу: Еуропалық компаниялар IPO өткізуге дайындалуда, Xiaomi қаржы есебін жариялады

Жарияланды
Xiaomi қаржы есебін жариялады/ Shutterstock

Капитализациясы 40 миллиард долларды құрайтын еуропалық компаниялар II тоқсанда IPO-ға дайындалып жатыр. Xiaomi 2023 жылғы есепті жариялады.

Жапонияның орталық банкі базалық мөлшерлемені көтерді. Салдары қандай?

Жапонияның орталық банкі бір күн бұрын 2007 жылдан бері бірінші рет базалық мөлшерлемені көтерді. Осылайша жапон банкі теріс мөлшерлемеден бас тартқан ең  соңғы орталық банкке айналы. Market Watch оның нәтижелерін талдады.

Теріс ставкалар дефляциямен күресу үшін жақында ғана қолданыла бастады. Дания орталық банкі депозиттер бойынша мөлшерлемені 2012 жылы нөлден төмен түсірді. Еуропалық орталық банкі де 2014 жылы осындай қадамға барып, банктерден артық резервтер үшін ақы алды. Жапония банкі мөлшерлемені 2016 жылғы теріс деңгейге дейін түсірді. Жапон банкінің шешімінен кейін, Швеция мен Швейцариядағы реттеушілері осындай қадамға барды. АҚШ-та федералды резервтік жүйе мөлшерлемені 2008 жылдың аяғынан 2015 жылға дейін, сондай-ақ 2020 жылдың наурыз айынан 2022 жылдың наурызына дейін нөлге жақын деңгейде ұстады.

Халықаралық валюта қоры 2021 жылы мұндай экономикалық саясатқа қатысты  алаңдаушылық бекер болды деген шешімке келді. Deutsche Bank стратегі Джим Рид оның артықшылықтарын атап өтті: әлемдік экономиканың барлық секторларында қарыз алу құнының төмендеуі, қаржылық дағдарыс пен 2007-2009 жылдардағы құлдыраудан кейін несие берудің өсуі, депозиттердің шамадан тыс жинақталмауы. Сондай-ақ теріс ставкалар қор нарығында «көпіршіктердің» пайда болуына, сондай-ақ тиімсіз активтерге инвестиция салуға ықпал еткен болуы мүмкін.

Бірақ Bleakley Advisory Group инвестиция жөніндегі директоры Питер Буквар әлемнің жетекші елдердің орталық банктерінің экспериментін «экономика тарихындағы ең ақымақ идея» деп атады. Ол бұл саясаттан ең ірі компаниялар көп пайда көргенін, нәтижесінде нарықтың шоғырлануы күшейіп, бәсекелестікке нұқсан келтіргенін атап өтті. Теріс пайыздық мөлшерлеме банктердің кірісін де төмендетті.

Питер Буквардың айтуынша, теріс ставкалар қазіргі қиын жағдайға әкелген жаһандық «көпіршікті» қалыптастырды.

Еуропалық компаниялар IPO өткізуге дайындалуда

Bloomberg-тің  жазуынша, жалпы құны 40 миллиард долларды құрайтын ЕО компаниялары 2024 жылдың екінші тоқсанында нарыққа шықпақ.

Итальяндық Golden Goose аяқ-киім бренді биржада  3,3-4 4 млрд доллар бағасымен бастауды жоспарлады.  Бұл компания Brunello Cucinelli SpA сияқты сәнді брендтермен қатар баға белгілеу тізімдеріне кіру арқылы Миланда листинг өткізгісі келеді. Өткен жылы Golden Goose компаниясының таза кірісі 18% – ға өсті.

Листингке келесі кезекте тұрған- Astara автодистрибьюторы. Компания өз акцияларын сәуір айында сатуды бастамақ. Сондай-ақ  2 миллиард еуроға бағаланады деп үміттеніп отыр.

Paco Rabanne және Charlotte Tilbury брендтеріне ие Puig косметикалық тобы IPO-ға дайындалып жатыр. Компанияның акциялары осы жазда Мадридте сатылады деп болжанды. Bloomberg дереккөздеріне сүйенсек, неміс Oldenburgische Landesbank және Hotel beds туроператоры да алдағы бірнеше айда листинг өткізуді қарастырып жатыр.

Өткен жылы Уолл-стриттегі орташа жылдық бонус 2%-ға төмендеді

FOX Business мәліметтері бойынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Уолл-стриттегі орташа жылдық ақшалай бонус 176,5 мың долларды құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2%-ға аз (180 мың доллар). Нью-Йорк штатының бақылаушысы Томас Динаполидің айтуынша,  сонымен қатар саладағы кірістің артқаны да байқалады. Оның мәліметтеріне сүйенсек, мұндай айырмашылық құнды қағаздар индустриясындағы жұмысшылар санының артуымен және «өтемақыға аса сақтықпен қарайтын» фирмалардың әрекетінен болып отыр.

2023 жылы Уолл-стриттің жалпы бонустық қоры 33,8 миллиард долларды құрады. бұл 2022 жылғы төленген бонусқа біршама жақын. Алайда 2020 жылы төлем сомасы едәуір көп болып, 37,1 млрд доллар болды. Ал 2021 жылы 42,7 млрд болған.

Әлемдік қор нарығына шолу

2023 жылы Xiaomi кірісі 3,2%-ға, яғни 270,97 миллиард юаньға дейін төмендеді. Алайда компанияның таза кірісі өткен жылы жеті есе өсіп, 17,474 миллиард юаньға болды. Түзетілген таза пайда 19,273 миллиард юань болып, 2022 жылғы көрсеткіштен 2,3 есе асып түсті. Xiaomi акциялары сейсенбі күні Гонконгта сауда-саттықта 0,5%-ға арзандады. Биылғы жылдың басынан бері компанияның капиталдануы 4,7%-ға азайды. Ал Hang Seng қор индексі 3%-ға төмендеді.

S & P 500 индексі бір күн бұрын тағы бір рекордтық деңгейде (5178) жабылды.

Австралияның резервтік банкі негізгі мөлшерлемені 4,35% деңгейінде сақтады.

Айта кетейік, Xiaomi электромобиль сатуды бастайтынын жариялағаннан кейін, компанияның құнды қағаздары қымбаттады.

Сондай-ақ оқыңыз