Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында жүктер мен адамдарды заңсыз тасымалдау үшін пайдаланылған туннельді анықтады.
Туннель Өзбекстан шекарасына жақын жерде Созақ ауданы Бек-Абад ауылы тұрғынының үйінен табылған.
Туннельдің тереңдігі 15, жалпы ұзындығы 130 метр. Қырғыз шекарасына дейінгі ұзындығы 50 метр. Туннельдің биіктігі 1 метр 70 см.
«Контрабандалық арна ұйымдастырғаны үшін 1986 жылғы Э.А. ұсталды. Қазіргі уақытта ҰҚК туннельді пайдалануды ұйымдастыруға қатысқан барлық тұлғаны шекараны заңсыз кесіп өткен тұлғаларды және заңсыз кірген тауар түрлерін анықтау бойынша тиісті шараларды бастады», – деп хабарлады көрші елдің ҰҚК.
Қырғыз-өзбек шекарасы Қырғызстанның ең ұзын сыртқы шекарасы. Елдер арасында бірнеше анклавтар бар: Өзбекстандағы бір қырғыз – Барақ деп аталатын және Қырғызстандағы төрт өзбек – Сох, Чоң-Қара, Шахимардан және Жангал деп аталатын анклавтар.