21-22 наурыз Алматы көшелерінде көлік саны артуы мүмкін – сарапшылар
«Sergek ITS» сарапшыларының айтуынша, Қазақстанда жыл сайын мереке қарсаңында және мереке күндерінде көлік қозғалысы артып келеді.
Наурыз мейрамы қарсаңында компанияның IT мамандары Астана мен Алматы жолдарында мереке алдындағы және мереке күндеріндегі көлік кептелісіне талдау жасады.
Биыл Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлау 10 күн бұрын басталғандықтан, 20 және 21 наурызда жолдардағы көлік қозғалысы артуы мүмкін.
2023 жылғы 31 желтоқсанда Астанада автокөлік белсенділігі 29 желтоқсанмен салыстырғанда 18%-ға төмендеді, ал Алматыда 8,5%-ға өскен.
Биылғы 7 наурызда Астана мен Алматы жолдарындағы белсенділік артқан. Алайда дәл мереке күні Астанада 22%-ға төмендесе, Алматыда, керісінше, тағы 10,5%-ға өскен.
8 наурызда Алматыда көліктің көп жүрген уақыты сағат 16:00-де болды. Содан кейін қозғалыс саябырсыды.
Жаңа жыл мен 8 наурызды салыстырсақ, 31 желтоқсанда Алматыда 512 мыңға жуық автокөлік 19 миллионнан астам қозғалыс жасаған (Sergek жүйесіне түскен ақпаратқа сәйкес). Ал 8 наурызда 545 мың көлік 27 миллионға жуық қозғалыс жасаған.
Қазақстан жолдарына қар мен жауынға қарамастан, мінсіз жұмыс істейтін инфрақызыл сәулелі «Сергек» камералары қойыла бастады. Sergek Group компаниясының мамандары жаңа «Сергектердің» ұсақ бұзушылықтарды да «байқап» қоятынын айтады.
Алматыда жаңа камераларды орнату өткен қыстың аяғында басталған. Жол үстінде үлкен қара «объективтер» пайда болды. Sergek Group компаниясының мәлімдеуінше бұл дөңгелек пішінді құрылғылар камера емес. Инфрақызыл сәуле шығаратын арнайы құрылғы.
Әдетте бір «Сергек» камерасына 3 инфрақызыл сәулесі бар құрылғы қосылады. Ереже бойынша әр жолаққа бір құрылғыдан жүреді. Инфрақызыл сәуле көмегімен «Сергек» камералары көліктің нөмірін ғана емес, сонымен бірге жүргізушінің түрін, белбеу таққан тақпағанын анық көре алады.
«Инфрақызыл сәулелер кез-келген ауа райы жағдайында жұмыс істейді. Қуаты өте жоғары әрі әсер ету индексі де қуатты. Бір құрылғы 10 миллион циклге дейін қызмет етеді. Жарықтандыру диапазонына байланысты қозғалыстың үш жолағын қамти алады», – дейді Sergek Group компаниясының өкілі.
Ал жаңа Сергек камералары жылдамдық шегін асыру, көше қиылыстарындағы тұтас сызықты кесіп өту, дұрыс емес жерде тоқтау, тыйым салынған бағдаршам жарығына жүру, арнайы жолдармен жүру сынды бұзушылықтарды тіркейді.
Sergek Group компаниясының хабрлауынша, камералар түсірген жазбалар бір ай бойы базада сақталады. Ал бұзушылықтары бар эпизодтар айғақ ретінде шектеусіз сақталады.