Қазақстандықтар Наурыз мейрамында дастарханға қанша қаржы жұмсайды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Наурыз дастарханына қанша қаржы кетеді / Shutterstock

Наурыз – молшылықпен берекенің, татулық пен бірлік мейрамы. Мерекеде отбасымен бірге бас қосып, қонақ шақырып, мерекені атап өту маңызды. Kursiv.мedia мол дастархан жаю үшін қажетті тағамдардың бағасын салыстырып, мейрамға қанша қаржы жұмсалатынын есептеп шықты.

Дастархан

Наурыз мерекесінің басты тағамы – Наурыз көже. Ол жеті түрлі тағамнан жасалады. Қысқы қордан ысталған соғым еті – ұлттық тағамның ажырамас компоненті. Ет сорпасына сүт немесе айран қосылады. Дәнді-дақылдар да маңызды: бидай, жүгері, күріш, арпа, тары, тіпті маш. Алдағы жыл молшылық пен байлық әкелуі үшін наурыз айында көжеге әртүрлі тағам қосып, оны молынан жасау керек.

Сонымен көжені 10 адамға дайындау үшін, әрқайсысы 100 граммнан 2-3 дәнді-дақыл қажет. Өнімнің бір килограммы үшін орташа бағаны ұсынамыз (Алматы қаласы бойынша – ред.):

  • күріш – 565 теңге;
  • қарақұмық – 1 175 тг;
  • жүгері – 509 тг;
  • арпа-189 тг;
  • бидай жармасы – 179 тг;
  • маш-500 тг;
  • айран – 425 тг;
  • сиыр еті – 3500 тг.
  • Барлығы: шамамен 7 000 теңге. 

Дәстүр бойынша  мерекелік дастархан бауырсақ міндетті түрде болады. 10 адамға екі килограмм деп есептедік.

Классикалық рецепт мыналарды қамтиды:

  • ұн – 2 кг (719 тг);
  • құрғақ ашытқы пакеті – 330 тг;
  • бір шымшым тұз;
  • қант – 538 тг;
  • күнбағыс майы – 842 тг.
  • Барлығы: шамамен 2 500 теңге.

Шаңыраққа сыйлы қонақ келгенде міндетті түрде ет асылады. Ет таңдауда қатаң талаптар жоқ. Алайда біз соғым етінен, яғни сиыр немесе жылқы еті деп есептедік. 10 адамға екі табақ ет асамыз. Шамамен 8 кг ет қажет болады. Сыйлы табаққа сиыр етін сүйегімен алсақ, 1 кг 3 500 теңгеден басталса, 8 кг 24 000 болады. Оған қазы-қарта қоссақ, 1 кг қазы 5 000 теңге болады. Жалпы асылған еттің бағасы 30 000 теңгеге жетіп тұр.

Тәттілер

Негізгі тағамнан бөлек, мерекеге ұлттық тағамдарда да жасалады.

Талқан – ұнтақталған тары, қант және сары май қоспасы. Оны әдетте дайын күйінде сатып алуға болады, 1 кг 1 800 теңгеден басталады.

Қоспа. Десерт сүзбе, қант, май және мейізден дайындалады. Дайын өнімді килограммы 2000 теңгеден сатып алуға болады.

Ірімшік пен құрт. Ірімшіктің килограммы 2 000 теңгеден, құрттың килограммы 1 400 теңгеден басталады.

Шығыс елдерінің тәтті тағамы чак-чакты өзіңіз де дайындап көрсеңіз болады:

  • Ұн – 719 тг;
  • жұмыртқа- 4 дана (280 тг);
  • қант – 538 тг;
  • бал – 400 г (3 000 тг);
  • мейіз – 200 г (1 125 тг);
  • күнбағыс майы – 842 тг.
  • Барлығы: 6 500 теңге.

Сусындар

Қымыз – бие сүтінен жасалған ашытылған сүт сусыны Алматыда бір литр 1 200 теңгеден тұрады. Әдетте, мерекелерге жақын қымыз сұранысы артып кетеді. Алайда сусынды алдын-ала сатып алудың мағынасы жоқ, өйткені ол ұзақ тұрған сайын қышқылдана береді. 10 қонаққа шамамен үш литр сусын қажет. Барлығы: 3 600 теңге.

Шұбат – түйе сүтінен жасалған ашытылған сүт. Литріне 1 400 теңгеден басталса, 10 адамға үш литр деп есептеп, 4 200 теңге жұмсаймыз.

Сүтті шәй. Көже ішіп, ет жеп, қымыз, шұбат сіміріп болғасын, тәтті тағамдар келеді. Бұл тағаммен бірге міндетті түрде шәй келеді. 250 грамм шәй бағасы 1 099 теңгеден басталады. 10 қонаққа бір литр сүт даярласақ, 535 теңгеден аламыз.

Жалпы алғанда Наурыз мейрамында мерекелік дастарханға шамамен 60 000 теңге жұмсау керек болады.

Наурыз мейрамын тойлау

Айта кетейік, 21-25 наурыз аралығында 2024 жылдың ең ұзақ мерекелік демалыстары басталды. Осы апта қазақстандықтар небәрі 3 күн жұмыс істеді.

21 наурыз– «Ынтымақ күні». Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Наурыз мерекесіне арналған «НАУРЫЗ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ» концерті өтеді. Сондай-ақ, қала тұрғындары «КӨШ. НАУРЫЗ-ДУМАН!» мерекелік бағдарламасын тамашалай алады. Бұған қоса, 21-22 наурыз 19:00-ден 22:00-ге дейін «Астана» алаңында мерекелік концерт өтеді. Сонымен қатар, Мемлекеттік орталық мұражайында «Наурыз нақыштары» Халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтеді. 

21-23 наурыз аралағында күні бойы қала орталығында «Наурыз» мерекесіне арналған ойын-сауық-танымдық бағдарлама ұйымдастырылады. Дәл осындай шара «Алатау» дәстүрлі-өнер театрында да ұйымдастырылады. 

22 наурыз – «Жыл басы». ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында «Ұлы дала тынысы» тақырыбындағы ұлттық бұйымдар көрмесі өтеді. 

Сондай-ақ оқыңыз