Қазақстан Қытайдың Сычуань провинциясына 75,2 млн долларға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізетін болады

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы

Қазақстан Қытайға 75,2 млн долларға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге келісті / Фото: shutterstock

Қазақстандық кәсіпкерлер Қытайдың Сычуань провинциясына 75,2 млн долларға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге келісті. Бұл туралы Сауда министрлігі хабарлайды. Атап айтқанда Қазақстан Қытайға күнбағыс майын, кондитерлік өнімдерді, жем ұнын жеткізетін болады.

Келісім Қытайдың Сычуань провинциясының ең ірі қаласы Чэнду қаласында 40-тан астам қазақстандық тауар өндірушілері қатысқан іскерлік миссияда жасалды.

ҚР Сауда министрлігінің басшысы Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда «рекордтық көрсеткішке жетті». 2023 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық өнімдердің Қытайға экспорты 12,6%-ға өсіп, 14,7 млрд долларды құрады. Қытайдың Қазақстанға импорты 50,5%-ға өсіп, 16,8 млрд долларды құрады.

Қытай қазақстандық рапс майының негізгі сатып алушысы. Қытай 74%-дан 98%-ға дейін рапс майын сатып алған. Сычуань провинциясы жыл сайын Қазақстанға шамамен 41 млрд доллардың тауарын импорттайды. Оның ішінде негізінен рапс, күнбағыс және мақсары майы, күнжүртт, су, сүт, ет өнімдері бар.

«Чэндудағы кездесулер мен келіссөздер нәтижесінде қазақстандық бизнес 75,2 млн доллар сомасына күнбағыс, соя, мақсары майы, кондитерлік өнімдер, жемдік ұн және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге экспорттық келісімшарттарға қол қойды», – делінген хабарламада.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үшін Қытай маңызды стратегиялық серіктес деп мәлімдеді. Сонымен қатар Қазақстан энергетикалық ресурстарды сату және транзиттік хаб қызметін көрсету бойынша Қытайдың ауқымды серіктесі атана алады. Бұл туралы ҚР философия, саясаттану және дінтану институтының сарапшысы Руслан Изимовпен болған сұхбатта толық айтылған.

Сондай-ақ оқыңыз