Қазақстанда 21 және 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні ретінде атап өтіледі. Осы күні күн мен түн теңесіп, Жаңа жылдың келуін білдіреді. Тек қазақтар ғана емес көптеген ұлттың сағына күтетін мерекесінің шығу тарихы, мерекені тойлаудағы ырым-нанымдар мен Наурыз көже жайында qalam баспасы материалында баяндалған.
Мерекенің шығу тарихы
Мереке атауы ежелгі Иранда қалыптасқан екен. Ол көне парсы сөздерінің қосындысынан, яғни «ноу» — жаңа, «руз» — күн сөзінен пайда болған. Сондықтан көбісі оны әуел бастан таза ирандық мереке ретінде есептеген.
Наурыз мейрамы тарихи Иран аумағынан бастау алмайды. Ол заманауи Иран Ислам республикасының аумағынан неғұрлым ауқымды. Оның бастауы едәуір солтүстікке таман орналасқан. Бұл жерлер ежелгі Иран әдебиетінде Тұран деп аталған. Иран тілдес көшпелі бөтен тайпалардан тартып алынған жерлер.
Иран аумағына қоныс аударғаннан кейін үнді-ирандықтардың бастапқы көшпелі конфедерациялары ақырында, отырықшы өмір салтына көшеді, содан кейін отырықшы Иран мен көшпелілер басым тұратын Тұран арасындағы мәдени алшақтық неғұрлым анық көріне бастайды, бұл Көне Иран әдебиетінде жиі көрініс табады.
Шығыс Ираннан шыққан Заратуштра пайғамбардың есімінің «түйе айдаушы» деген мағынаны білдіруі өз руластарының көшпелі өмір салтына күмән келтірмейтінін білдіреді. Сондықтан Наурыз мейрамы көнеден келе жатқан Тұран дәстүрімен және Махаббат, Береке, Тірек, Нұр сыйлаушы Бірыңғай Жаратушының ілімін уағыздаған көшпелі пайғамбармен байланыстырылады.
Ұлыстың ұлы күні
Қазақтар бұл мерекені «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Бұл түркі-моңғол халықтарының аңызға айналған бабаларының Ергенеқоннан аттанып, жауын жайратып, күш-қуат алып, темір ұстасы мен жауынгер халыққа айналған кезін баяндайтын мифологиялық тарихтың жаңғырығы.
Сондай -ақ Қазақстанда Наурызды күн мен түннің теңелетін күні ретінде тойлау дәстүрі мыңдаған жылдардан бері келе жатқаны туралы астаналық мәдениеттанушы Серік Ерғали да айтады. Ол өз сөзінің дәлелі ретінде Алматының солтүстік-батысындағы 170 км жерде орналасқан Аңырақай тауындағы жартастарға салынған суреттерді мысал етеді.
Салынған суреттер шамамен, 5–6 мың жылды құрайды. Ежелгі суреттерде Наурыздың және он екі мүшелік түркі күнтізбесінің байланысы көрсетілген. Ұлы Селжұқ мемлекетінде өмір сүрген Омар Хайам Наурызға арналған «Наурызнама» дастанын жазған. Шығармаға сәйкес, бұл мерекені тойлауды аңыздың кейіпкері Жамшед патша бастаған. Ол таудың басына алтын тақ орнатыпты. Бұл жерде алтын күнді, жарқын жаңа өмір мен жаңа жылды бейнелейді.
Амал, наным -сенімдер
Қазақстанда Батыс-Қазақстан, Сырдария, Қостанай және Тоғай өңірлерінің, сондай-ақ Ресейдегі Астрахан, Саратов, Самара, Орынбор облыстарының тұрғындары жылдың және көктемнің басын 14 наурызда Амал Көрісу мерекесі ретінде атап өтеді.
Бұл күні аталған аймақтардың тұрғындары үлкендерден бастап, бір-бірімен амандасып, көрісу, көктемнің келуімен құттықтау үшін таңертең ерте тұрады.
Ежелгі заманда бұл күн көшпелі қазақтар үшін қыстың аяқталғанын, малшылардың тауқыметті күндерінің артта қалғанын білдіреді. Бұл күні олар бір-бірінің үйіне қонаққа барады, көктемнің келуімен құттықтайды, емен-жарқын әңгіме дүкен құрады.
Биылғы жылы Наурыз мерекесі «Наурызнама» деген атаумен он күн тойланып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр да биыл да 14 наурызда Қазақстан халқына Амал Көрісу мерекесіне арналған ресми құттықтауын жолдады.
Қазақтардың мерекелік асы – Наурыз көже
Қазақтардың мерекелік дастарқанындағы басты тағамы — «Наурыз көже». Бұл — жеті түрлі дәмнен дайындалатын тағам. Оның құрамына су, ет, тұз, май, ұн, жарма және сүт кіреді.
Қазақ халқы үшін жеті қасиетті сан. Бұл — көптеген елдерде кездесетен ортақ құбылыс. Наурыз көже құрамындағы жеті компонент күнделікті тұрмыстағы жеті жәйтті білдіреді: қуаныш, даналық, табыс, денсаулық, байлық, жылдамдық және жауыздықтан қорғайтын жоғарғы күштер. Наурыз көже пісірілетін үлкен қазан бірліктің, тоқшылық пен молшылықтың символы. Сондай-ақ осы асты дайындау үшін қазақстандықтар қанша қаражат жұмсайтынын да есептеп көрдік.
Мерекемен байланысты салт-дәстүр
Мәдениеттанушы Серік Ерғалидың пайымдауынша, Наурызбен байланысты қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары мен рәсімдері — Аластау, Айтыс, Көкпар, Алтыбақан өзінің бастауын қысқы суықтан кейінгі Жердің көгеруін тойлайтын ежелгі түркі мерекелерінен бастау алады. Қазақтар ежелден мұны жаман ырымға балайтын және Отқа құрмет танытпау деп санайды. Олар шырақ жағып, алақандарын оттың жалынына жақындатып, бетін жеңіл тигізу рәсімімен шектелетін. Сондай-ақ үйдің әр бұрышында шам жағып, тазарту рәсімін жасайтын
Қорыта келе, Науырыз көптеген ұлт пен ұлыстың сағына күтетін ортақ мейрамы. ЮНЕСКО-ның ұйғарымы бойынша, 2009 жылдан бері ол халықаралық мереке мәртебесіне ие болды.