Қазақстанда «Тазару күні»: өңірлерде «Тазалық эстафетасы» өтуде

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Қазақстанда «Тазару күні»: өңірлерде «Тазалық эстафетасы» өтуде / Алматы қаласының әкімдігі

23 наурыз Қазақстанда «Наурызнама» аясында «Тазару күні» басталды. Өңірлерде «Тазалық эстафетасы» акциясы өтіп жатыр.

«Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні ұлттық экологиялық науқанға арналған. Тазару күні – мемлекеттің экологиялық түйткілдерді шешуге бағытталған іс-шараларына азаматтарды қолдау білдіруі.

Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді.

23 наурыз күні сағат 10.00 елдің барлық аймағында «Тазалық эстафетасы» акциясы басталды. Астанадаға акция аясында аулаларды, көшелерді, сондай-ақ арықтарды қар мен қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Акцияға қала тұрғындары, бизнес өкілдері, құрылыс компаниялары, еріктілер, қоғамдық ұйымдар, мәдениет қайраткерлері, спортшылар қатысқан.

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, Кіші Алматы, Есентай, Үлкен Алматы және Қарғалы өзендерінің жағалауы мен арналарының аумағында су айдындарын тазарту және қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады. Мердігер ұйымдардан өзен арналарын тазалауға барлығы 460 адам және 52 бірлік арнайы техника жұмылдырды.

Алматы қаласын көгалдандыру мақсатында Әуежай көлінің жағалауына 100 ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған.

Айта кетейік, 21-25 наурыз аралығында 2024 жылдың ең ұзақ мерекелік демалыстары басталды. Осы апта қазақстандықтар небәрі 3 күн жұмыс істеді.

Алматы қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» алаңында өтіп жатқан мерекелік іс-шарада Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтаған.

23 наурыз – «Тазару күні». Жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен бірлесіп коммуналдық қызметтердің күшімен су айдындарын тазалау және аула аумақтарын тазалау жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз