Жаңалықтар

Қазақстанда А геппатитімен ауыратындар саны 2 есеге жуық өсті – министрлік

медицина
Қазақстанда А геппатитімен ауыратындар саны 2 есеге жуық өсті – министрлік / kursiv.media

Елімізде А гепатитімен ауыратындан саны артты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«2024 жыл басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 дерегі тіркелді. Бұл былтырмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары», – делінген министрлік хабарламасында.  

Министрліктің мәліметінше, А вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қол арқылы жұғады. 

Аурудың белгілері – дене температурасының жоғарылауы, бас ауруы, тәбет қашуы, енжарлық, жүрек айнуы, құсу. Инкубациялық кезең – 14-тен 35 күнге дейін.

А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін бір-екі аптадан кейін басқаларға жұқтырады. А гепатитиіне қарсы вакцина аурудан сақтайды. Оны екі жастағы балаларға және инфекция ошағындағы байланыстағы адамдарға салуға болады.

Бұған дейін Денсаулық сақтау саласына 130 млрд теңгеден астам қаржы не үшін бөлінгенін жазған едік.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдардың қаржылық шығыны мен кредиторлық берешегін қысқарту үшін медициналық көмектің түрі мен көлеміне қатысты тарифтерді кезең-кезеңімен қайта қарап жатыр.

Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың сенатор Ақмарал Әлназарованың депутаттық сауалына берген жауабында жазылды.

«Осы мақсатқа 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде қосымша 44,2 млрд теңге бөлінді. Қаражаттың 1,1 млрд теңгесі –шұғыл медициналық көмекке, 37 млрд теңгесі – онкологиялық ауруларды емдеуге, 3,8 млрд теңгесі – амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бағытталды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активінен 58,9 млрд теңге қосымша қаражат қарастырылды», – делінді ресми жауапта.

Еске салайық, Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Денсаулық сақтау саласына 2,6 триллион теңге бөлінді, ал медициналық қызметке халықтың көңілі толмайтынын айтып еді.

Былтыр елдегі денсаулық сақтау саласын жақсартуға 2,6 триллион теңге бөлінді. Алайда қазақстандықтардың медициналық қызметтерге көңілі толмайды. Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев айтты.

Сенат спикері денсаулық сақтау жүйесінде әлі де күрделі мәселелер жетерлік екенін атап өтті.

«Өткен жылдың өзінде бұл салаға барлығы 2,6 триллион теңге бөлінді. Бұл-көп ақша! Қызмет көрсету сапасы әрқашан жоғары деңгейде бола бермейді. Зерттеуге сәйкес, азаматтардың 56%-ға жуығы жедел медициналық көмек көрсету орталықтарының қызметіне көңілі толмайтынын білдірген», – деді Сенат спикері палата отырысында.

Оның айтуынша, зерттеуді 2023 жылы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы (BNS ASPiR) жүргізген.