Алматы тауларында адасқан екі турист іздестіріліп жатыр

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Алматы тауларында екі турист жоғалып кетті. Фото: kursiv.media

Алматы тауларында екі турист жоғалып кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Қазіргі кезде бұл туристер іздестіліп жатыр. Туристерді іздеуге 4 құтқарушы мен 1 кинологиялы есеп кеткен.

«Осы минуттарда Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. 4 қызметкер және 1 кинологиялық есеп Медеу ауданына Үлкен Алматы шатқалына бет алды. 19 жастағы екі жігіт ТЖД кезекшісіне олардың орналасқан жері туралы бейне ұсынды. Құтқарушылар іздестіру орнына шықты»,— делінген хабарламада.

ТЖМ егер тауда адасып қалсаңыз, бірден 112 нөміріне қоңырау шалу қажетін ескертеді.

Бұған дейін ТЖМ Алматы мен Алматы облысындағы тауларда қар көшкіні қаупі жоғары екенін хабарлаған. Әсіресе, Көкжайлау шатқалында қар көшкіні қатты жүрген. Сол себепті құтқарушылар бұл күндері тауға шықтауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыз