Шымкент МӨЗ-інде жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды
Шымкент МӨЗ-інде («ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС) жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды. Осы кезеңде ішкі нарыққа мұнай өнімдерін біркелкі тиеп жөнелту үшін бүкіл өнім қоры жинақталған. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Бұл жұмыс кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау туралы заңды орындау мақсатында және ҚР Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес жүзеге асырылады», — делінген компания хабарламасында.
Ал Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде отын өндіруді жалғастырады.
Компанияның мәліметінше, ПҚОП-та жұмылдырылған мердігер ұйымдармен жоспарлы алдын алу жұмыстары бойынша алғашқы жиын өткен.
«Шымкент мұнай өңдеу зауыты» – 1985 жылы Шымкент қаласында салынған және республикадағы ең жаңа зауыт. Зауыт Қазақстандағы 3 МӨЗ өндіретін мұнай өнімдерінің 30%-ын шығарады. «ҚазМұнайГаз» мен CNPC Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы 50 пайыздық үлеске ие.
Айта кетейік, 2023 жылдың шілдесінде Шымкент МӨЗ-інің жұмысы ішінара тоқтатылған. Ол кезде жылу алмастырғыш тексеріліп, катализаторды қалпына келтірілген.
Жылу алмастырғыштағы бұл ақау былтыр 15 наурыздан 8 сәуірге дейін зауытта жүргізілген жоспарлы жөндеу кезінде анықталған. Наурыз айында өндіруші Lanpec компаниясының өкілдері жылу алмастырғышқа жөндеу жүргізді. Алайда, зауыт іске қосылғаннан кейін осы қондырғыда өндірілетін бензин сапасы нашарлаған. Осыған байланысты маусым айында Шымкент мұнай өңдеу зауытында АИ-95 маркалы бензин шығару тоқтатылған еді.
«ҚазМұнайГаз» компаниясын бұл жағдай жанар-жағармай нарығына кері әсер етпегенін хабарлады, Жетпеген көлемді Атырау мұнай өңдеу зауыты шығарған.
Ел Үкіметі зауытының қуаттылығын жылына 9 млн тонна емес, 12 млн тоннаға дейін арттыру міендетін қойды.