Опциондар саудасы басталғаннан кейін Reddit акциялары тағы 30%-ға өсті

Жарияланды
Reddit акциялары тағы 30%-ға өсті/Фото:Shutterstock

Америкалық Reddit-тің құнды қағаздары Нью-Йорк қор биржасында көшбасшысы болды. Бұған қосымша  қаржы құралдарының саудасы ықпал еткен болу керек.

Толығырақ

Өткен аптада Нью-Йорктегі сәтті IPO-дан кейінгі Reddit-тің биржалық бағалары дүйсенбі күнгі негізгі сауда сессиясында тағы 30% – ға, яғни бір құнды қағаз 59,8 долларға дейін өсті. Ал постмаркетте әлеуметтік платформаның бағалы қағаздары тағы 5,2% – ға қымбаттады.

«Опциондар мен акцияларға келетін болсақ, бұл әрқашан тауық пен жұмыртқа туралы пікірталас», – деді Interactive Brokers бас стратегі Стив Сосник. Сарапшының айтуынша, опциондар (базалық актив)  сауда-саттығының басталуы дүйсенбі күні Reddit акцияларының қозғалысына әсер етті.

Опциондар акцияларға қалай көмектеседі

Опциондар нарығындағы ең белсенді бастапқы сатып алу бойынша рекорд Meta Platforms компаниясына тиесілі. Компанияның құнды қағаздарына арналған 360 мыңға жуық келісімшарт 2012 жылы сауда-саттықтың бірінші күнінде қолдан-қолға өтті. Reuters сілтеме жасаған талдаушылардың есептеулері бойынша, Reddit-тің 90 мыңға жуық опционы иесін өзгертті, ал трейдерлер өсу мөлшерлемесіне сүйенеді.

Калифорниядағы Capital Market Laboratories атқарушы директоры Офир Готлиб:

«Сұраныс артып, өсім байқалады», — деді.

Апрельские колл-опционы с ценой исполнения от $50 до $75 долларов были одними из наиболее активно торгуемых контрактов Reddit.

Сәуір айында сатылатын 50 доллардан 75 долларға дейінгі колл-опциондар Reddit-тің ең көп сатылатын келісімшарттары болады.

IPO Reddit

Reddit өткен аптада IPO өткізді. Нью-Йорктегі сауда-саттықтың бірінші күні платформаның акциялары 72%-ға өсті. Reddit дебюті » тек Reddit үшін ғана емес, сонымен қатар технологиялық сала мен (…) келесі IPO үшін де жағымды белгі болды», – деді PLEXO Capital басқарушы серіктесі және Reddit акционері Ло Тони CNBC арнасына берен сұхбатында.

2005 жылы негізі қаланған Reddit форум ретінде белгілі. Онда әркім өз сауалына саясаткерлер мен атақты адамдарды қоса алғанда, мамандардан жауап ала алады. Reddit құрылғаннан бері ешқашан пайда тапқан емес. Бұл бір уақытта іске қосылған Facebook пен Twitter-ге қарағанда коммерциялық тұрғыдан аз табысты жоба болды.

Psaros Georgetown University қаржы нарығы және қаржы орталығының директоры Рина Аггарвал бастапқы орналастыру күні: “нақты жаңалықтар пайда немесе шығын туралы алғашқы есептен кейін белгілі болады «, — деді.

Жарнама берушілерді Reddit-тің көптеген қолданушыларының бәсекелес әлеуметтік желілерге қарағанда еркін тақырыптарды талқылауы және платформаның мазмұнды модерациялау тәсілі қорқытады. Бұл мәселеде Reddit  тегін орналастыратын және сайтты модерациялайтын еріктілерге сүйенеді. Модераторлар кез келген уақытта өз міндеттерінен бас тарта алады.

2023 жылы кейбір модернаторлар Reddit-тің форум деректеріне қол жеткізу үшін үшінші тарап қосымшаларын жасаушылардан ақы алу туралы шешіміне наразылық ретінде жұмысын тоқтатты

Сондай-ақ оқыңыз