Boeing басшысы ұшақтағы ақауларға байланысты отставкаға кетуді ұйғарды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Boeing басшысы ұшақтағы ақауларға байланысты отставкаға кетпек / shutterstock

Компания ұшақтарындағы ақауларға байланысты бірқатар апатты жағдайдан кейін Boeing директоры Дэйв Калхун жыл соңына дейін отставкаға кетуге шешім қабылдады. 

Компания президенті және бас директоры Дэйв Калхун осы жылдың соңына дейін отставкаға кету туралы шешімін жариялады. Шешімде басшылықтағы басқа өзгерістер туралы жазылған:

  • Басқарма төрағасы Ларри Келнер осы қызметте төрт жылдан кейін қайта сайлауға түспеуге шешім қабылдады. Оның орнына Стив Молленкоф тағайындалды.
  • Boeing Commercial Airplanes (BCA) президенті және бас атқарушы директоры Стэн Дил компаниядан кетеді. Оның орнына 25 наурыздан бастап компанияда 30 жылға жуық жұмыс істеген Стефани Папа тағайындалады.

Калхун қаңтар айының басында Boeing 737 Max ұшағы 5 км биіктікте апаттық шығу люгінің есігі құлағандықтан шұғыл қонуға мәжбүр болған кездегі Alaska Airlines рейсінің апатын компания үшін маңызды сәт деп атаған.

«Бұл апаттың толық ашықтықпен зерделенуіне жауап беруіміз керек. Сондай-ақ компаниямыздың әрбір деңгейінде қауіпсіздік пен сапаға толық міндеттеме беруіміз керек. Соңғы бес жыл ішінде біз компаниямыз бен саламыздың 108 жылдық тарихымызда кездескен кейбір маңызды мәселелерді шешу үшін бірге жұмыс істеп жатырмыз», – деп жазды Калхун.

Дэйв Калхун 2019 жылдан бері компанияның бас директоры қызметін атқарды. 

Осыған дейін америкалық әуе компаниясы тексерістен өте алмай қалғанын жазған едік. Қаңтар айында АҚШ Азаматтық авиация басқармасы (Federal Aviation Administration, FAA) өндірістік тексеру жүргізген болатын. The New York Timesтың жазуынша, FAA Boeing 737 MAX-ты шығаруда және компанияның негізгі жеткізушілерінің біреуінен бірнеше мәселелерді анықтаған.

Сәтсіздік жолағы

2024 жылы наурыздың басында United Airlines әуе компаниясының 2 жыл бұрын шығарылған Boeing 777 ұшағы Сан-Францискодан ұшып бара жатып дөңгелегін жоғалтты. Ұшақтың дөңгелегі тұрақта тұрған көлікке құлады. Наурыз айының басында Boeing 737 ұшу кезінде қозғалтқышы жанып кетті. Ұшақ шұғыл түрде Хьюстонға қонуға мәжбүр болды.

Чили LATAM Airlines әуе компаниясы рейсінің 10 жолаушысы мен үш экипаж мүшесі ауруханаға жеткізілді. Оған Boeing 787-9 Dreamliner Сиднейден Оклендке барар жолда турбуленттілікке тап болуы әсер еткен . Әуе компаниясы ұшу кезінде «қатты қозғалыс тудырған техникалық ақаулық» туралы мәлімдеді.

Reuters сауалнамасына қатысқан сарапшылар компания зауытына жүргізілетін қосымша тексерулер авиакомпанияның және көптеген жеткізушілердің негізгі табыс көзі болып отырған 737 Max 8 лайнер өндірісін баяулатады деп қорқады.

FAA Boeing-ке өндіріс сапасы жақсарғанға дейін 737 MAX желісінің лайнерлерін шығаруды арттыруға тыйым салды. Ақпан айының соңында басқарма компанияға сапаны бақылау мәселелерін шешу жоспарын дайындауға 90 күн берді.

Reuters желтоқсанда Boeing 737 өндіріс кестесі бойынша ақпанда өндірісті 42 ұшаққа арттыруға тиіс болғанын жазды. Ал тамызда 47,2 , сосын  2025 жылдың ақпанында 52,5 және 2025 жылдың қазанында 57,7 ұшаққа ұлғайтуды көздеген. Boeing өндірісінің  қарқыны осы кестеден артта қалуы мүмкін, деп атап өтті ақпарат агенттігі.

Өткен жылдың төртінші тоқсанында компания таза шығынды бір акцияға шаққанда  30 млн долларға  немесе 0,04 долларға дейін қысқартты.

Сондай-ақ оқыңыз