Қор нарығына шолу: Уолл-стрит жаңа рекорд орнатты, Қытай билігі АҚШ-ты электромобильдерге қатысты шектеулер үшін сотқа берді

Жарияланды
АҚШ қор нарығы мөлшерлеменің төмендеуін қолдайды / Shutterstock

Сарапшылардың пікірінше,  АҚШ-тағы ралли инфляцияның өсуіне қарамастан жалғасады. Қор нарығы мөлшерлеменің төмендеуін қолдайды. Ал ФРЖ рецессияны болдырмау үшін, оған келісуге мәжбүр. 

Америка қор нарығы инвесторлар үшін тартымды болып қала бермек

2023 жылдың басынан бастап америкалық қор нарығындағы компаниялардың капиталдандыруы 10% – ға немесе 4 трлн долларға өсті, деп жазады Bloomberg. Өсім екінші тоқсанда да  жалғасуда. Ал сарапшылардың пікірінше, базалық мөлшерлеменің төмендеуі бұл раллиді күшейтеді.

«Мен әлі күнге дейін АҚШ-тың қор нарығын техникалық тұрғыдан тартымды деп санаймын», — деді Fundstrat Global Advisors қызметкері Марк Ньютон.—»Жалпы, акциялар наурыз айының соңына дейін өсуі мүмкін». JPMorgan компаниясының өкілі Марко Колановичтің  айтуынша, әлемдік орталық банктер биылғы жылы ақша-несие саясатын жеңілдетуі қажет. Егер олай болмаса, нарық құлдырайтыны сөзсіз. Өйткені соңғы айлардағы өсім «негізсіз» болды, деп ескертті Коланович.

АҚШ тұтынушыларының сенімі наурыз айында да  тұрақты болды

Reuters ақпаратына сүйенсек,  АҚШ-тағы тұтынушылардың сенімі наурыз айында айтарлықтай өзгерген жоқ. Рецессияға қатысты алаңдау артта қалды. Дегенмен тұтынушылар саяси жағдайдың тұрақсыздығынан қорқады. Наурыз айында тұтынушылардың сенім индексі 104,7-ге дейін төмендеді. Көрсеткіш ақпан айынан бастап іс жүзінде өзгерген жоқ (104,8). Reuters сауалнамасына қатысқан экономистер индекс 107-ге дейін өседі деп тұжырымдады.

Вашингтондағы Conference Board-тың  бас экономисі Дана Петерсон: «Рецессияға қатысты алаңдау төмендеді», — деді. » Тұтынушылар алдыңғы айлармен салыстырғанда АҚШ-тағы саяси жағдайға көбірек алаңдап отыр. Тұтынушылардың инфляцияны күтуі ақпан айында 5,2% – дан 5,3% – ға дейін өсті.

Ал АҚШ-тың 20 ірі қаласындағы тұрғын үй құнының индексі қаңтарда 6,6% – ға өсті. Бұл 2022 жылдың қараша айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Желтоқсан айында бұл көрсеткіш 6,2% құрады, сарапшылар 6,7% – ға дейін өсуді болжады.

Бұрынғы ФРЖ экономисі АҚШ экономикасына алаңдайды

Рецессия бойынша сарапшы және ФРЖ- ның бұрынғы қызметкері экономист Клаудия Зам АҚШ экономикасына алаңдайды және тарифтерді төмендетуге шақырды, деп жазды Market Watch. 

«Рецессиялар қар түйіршіктеріне ұқсайды, олар өте кішкентайдан басталып, аяғында қар көшкінін тудырады. Содан кейін экономика құлдырап, жұмыс орындары жабылып, экономикалық өсу тоқтап, миллиондаған адам кірісінен айырылады», – дейді ол.

Қытай АҚШ-ты электромобильдерге қатысты шектеулер аясында сотқа береді

Бейжің Вашингтонды америкалық электромобиль өндірушілеріне Қытайдан аккумуляторға қажет шикізат пен материалдар сатып алуға тыйым салғаны үшін айыптап отыр, деп жазды Bloomberg. Бұл тыйымдар электромобильдерді жеткізудің жаһандық тізбегін «қиындатты», – деді ҚХР сауда министрлігі. Қытай осы мәселеге байланысты АҚШ-ты сотқа берді. Талқылау ДСҰ-да  (Дүниежүзілік сауда ұйымы) өтеді.

Электромобильдер секторы протекционистік шаралар мен геосаясатқа байланысты шиеленістерден зардап шегуде. 2024 жылдың қаңтарынан бастап аккумулятор компоненттерін немесе шетелдік кәсіпорындардан алынған шикізатты пайдаланатын  АҚШ автомобиль өндірушілеріне несие берілмейді. Ал мұндай өнімді сатып алушы салық жеңілдіктерінен айырылады. Сонымен қатар, Еуропалық Одақ қытайлық электромобильдерге баж салығын енгізуі де мүмкін.

Айта кетейік, биржа әлеміне саяхат: қор нарығы қалай жұмыс істейді?

Сондай-ақ оқыңыз