Несие картасын шығарғаннан кейін, Robinhood бағалы қағаздары  5% – ға өсті

Жарияланды
Robinhood бағалы қағаздары  5% – ға өсті/Фото:Reuters/Andrew Kelly

Қор нарығындағы  танымал сауда платформасының  операторы Америкалық Robinhood Markets 2 жыл бұрын  дебеттік төлем картасын шығарған еді. Енді биыл  несие картасын әлемге паш етті.  Robinhood бірте-бірте өз кәсібін брокерлік бизнестен тыс кеңейтіп келеді. 

Толығырақ

Robinhood қаржы компаниясы өзінің алғашқы Gold Card несие картасын шығарды. The Wall Street Journal басылымының  жазуынша, Visa карта лицензияланған, эмитент банкі ретінде Coastal Community Bank болды. Жаңа карта Robinhood Gold премиум саласындағы жазылушыларына қолжетімді болады.

Несие карталарының иелерінен Robinhood шетелдік транзакциялар үшін жылдық төлем мен комиссия алмайды. Карта кез- келген сауда үшін 3% көлемінде кэшбэк ұсынады.  Bloomberg-тің жазуынша, JPMorgan Chase ұсынған Chase Sapphire Reserve және басқа бәсекелестер тек кейбір транзакциялар бойынша кэшбэк береді.

Robinhood тұтынушылары сауда платформасынан бөлек жаңа қолданба арқылы карта қызметтеріне қол жеткізе алады. Олар сондай-ақ құпиялылық үшін бір реттік нөмірлері бар виртуалды карталарды жасай алады және есептік жазбаға бес отбасы мүшелерін қоса алады.

«Мақсат — біздің барлық клиенттеріміз барлық активтерін Robinhood-та сақтауы және олардың барлық транзакциялары сол арқылы өтуі керек», – дейді компания басшысы Влад Тенева Bloomberg-ке берген сұхбатында.

Бизнесті әртараптандыру

Robinhood төлем комиссиясының жоқтығы мен ыңғайлы мобильді қосымшаның арқасында трейдерлік платформа ретінде танымал болды. Соңғы жылдары компания өз өнімдерінің ассортиментін бөлшек брокерлік қызметтерден тыс кеңейтуге ұмтылуда. 2022 жылы Robinhood АҚШ-та дебеттік Cash картасын іске қосты. Ол ақысыз қызмет көрсетеді және криптовалютадағы ақшаны қайтарады. Өткен жылдың соңына қарай компанияның клиенттері  1,7 млрд доллар депозиттері бар 500 мыңға жуық зейнетақы шотын ашты. Теневтің айтуынша, ақпан айына қарай олар екі есеге жуық —  3 млрд долларға дейін өсті. Өткен жылы Robinhood  95 млн долларға финтех-Стартап X1-ді сатып алды. X1 негізін қалаушы Дипак Рао Robinhood несие карталарын енгізу жобасын басқарды.

2022 жылы АҚШ-тың Федрезервінің пайыздық мөлшерлемені көтеру сериясы бөлшек инвесторларды қорқытты. Reuters атап өткендей, Robinhood-тың негізгі трейдерлік бизнестен шығуы, компанияға осындай нарықтық турбуленттіліктен қорғануға көмектеседі.

Акция

Robinhood бағалы қағаздары сейсенбі күні Нью-Йорктегі постмаркетте 5% — ға өсті. Жыл басынан бері компанияның нарықтық құны 55,9% – ға өсті. Оған тоқсандағы күтпеген оң қаржылық нәтижелер, ақпан айында сақтаудағы сауда-саттық пен активтердің өсуі де ықпал етті. Сонымен қатар, сейсенбі күні сауда-саттықтың жабылуында Robinhood акциялары 19,3 долларға

Сондай-ақ оқыңыз