14 800 теңге: сарапшылар «ҚазМұнайГаз» акцияларын сатып алуды ұсынады

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
сатып
«ҚазМұнайГаз» акциялары 14800 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін /Фото: kursiv.media

Freedom Broker сарапашылары «ҚазМұнайГаз» акцияларының бағасына қатысты болжамын жаңартты. Оған компанияның 2023 жылдың IV тоқсанына арналған қаржы есебі себеп. Осы есеп көреткіштеріне сүйене отырып мамандар мұнай компаниясының бағалы қағазы қымбаттайды деген тұжырым жасайды.

Қазір 11 919 теңгеден саудаланып жатқан 1 акция бағасы алдағы уақытта 14800 теңгеге дейін қымбаттауы ықтимал. Яғни акция құны 21, 4% қосуы мүмкін. Сондықтан сарапшылар ұлттық мұнай компаниясы акцияларын «сатып алуды» ұсынады.

Мамандардың пайымдауынша, 2023 жылы мұнайдың арзандауына байланысты жалпы таза пайда азайғанына қарамастан, бос қаржы ағынының деңгейі жаман емес. IV тоқсанда бірлескен кәсіпорындардан алынған дивидендтердің артуының арқасында компания жылдық EBITDA деңгейін көтере алды. Сонымен қатар бос ақша ағынын айтарлықтай төмендеткен жоқ.

Сарапшылар осы бос ақша ағынының кем дегенде жартысы ҚМГ акционерлеріне дивиденд ретінде төленеді деп күтеді. Олар бір акцияға кемінде 620 теңге дивиденд төленуі мүмкін деп тұжырымдайды.

Бағалау үлгісінде Freedom Broker негізгі қаржы көрсеткіштерін жаңартып, кіріс пен салық божамын жақсартып, капиталдың күтулерін арттырған. Нәтижесінде ҚМГ акциясының жаңартылған мақсатты бағасы 14 800 теңгені құрайды. Сарапшылар компания акцияларын «сатып алуды» ұсынып отыр.

Ақпан айында «ҚазМұнайГаз» акцияларының бағасында еш өзгеріс болмаған. Сауда жабылған тұстағы баға 11 950 теңгені құрады. Бұл алдыңғы нәтижеден 17 теңгеге жоғары көрсеткіш. Жалпылай алғанда, котировкалардың динамикасы, айталық, ҚТО немесе KEGOC-пен салыстырғанда әлдеқайда құбылмалы.

Десе де «ҚазМұнайГаз» акциялары 10 жылда IPO-ға шыққан компания акциларының арасында табыстылығы жағынан үздік үштікке кіреді. Қазақстан миноритар акционерлері қауымдастығының шолуында ұлттық компания акциялары бір жыл ішінде +42% табыс алып келгені жазылған. Ал алғашқы жария орналастырудан бергі 14 айдағы табыстылығы +49% құраған.

Сондай-ақ оқыңыз