Жаңалықтар

Қазақстанда өмірді сақтандыру және жазатайым оқиғалардан қамсыздандыруға сұраныс күрт артты

Өмірді сақтандыруға сұраныс күрт артты / Фото: kursiv.media

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының талдау орталығы өмірді сақтандыру нарығына қатысты талдауын жариялады.

«2023 жылы заңнамалық ынталандыру өмірді сақтандыру нарығының барлық негізгі көрсеткіштерінің өсуіне ықпал етті», – деп жазылған талдауда.

Өмірді сақтандыру компанияларының активтері 1 118,7 млрд теңгеге (+199,1 млрд теңге немесе 21,7%) дейін өсті. Бұл бүкіл сақтандыру нарығының жиынтық активтерінің 44,8%-ын құрайды.

Активтер құрылымы

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтер құрылымына тоқталсақ:

  • 83,9%-ы немесе 903,0 млрд теңгесі бағалы қағаздарға (+126,4 млрд теңге) тиесілі;
  • 7,2%-ы немесе 77,4 млрд теңге кері РЕПО операцияларына (+ 34,5 млрд теңге) келеді;
  • 5,1%-ы немесе 54,9 млрд теңге – ақша және депозиттерді (+20,3 млрд) құрайды.

Бұл бағытта активтер көлемі өскенімен басқа активтер 17,9%-ға немесе 20,3 млрд 5,4 млрд теңгеге дейін қысқарды.

Сақтандыру компанияларының міндеттемелері негізінен сақтандыру шартында көзделген қызметтер үшін маржаның (2,1 есе немесе 56,2 млрд теңге) ұлғайымен қатар, жыл басынан бері 823,0 млрд теңгеге (+16,2% немесе 114,7 млрд теңге) дейін өсті.

Өмірді сақтандыру секторындағы шоғырлану жоғары деңгейде қалып отыр

Яғни, активтердің 72,2%-ы үш ірі компанияға тиесілі: Halyk-Life, Nomad Life және FFLife.

2023 жылы зейнетақы аннуитеттік сақтандыру, өмірді сақтандыру және жазатайым оқиғалардан сақтандыру сияқты өнімдерге сұраныс артты. Нәтижесінде сақтандыру сыйлықақылары өсті (+34,0% немесе 128,1 млрд теңге). Ал жасалған шарттар саны 2,3 және 3 есеге, 53,9%-ға ұлғайды.

Төлемдердің өсуі (+60,2%) негізінен өмірді сақтандыру (төлемдер саны 14,9%-ға өсті) және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру

«2023 жылы өмірді сақтандыру секторының өсуі негізінен өмірді сақтандыру компанияларының жаңа әлеуметтік өнімдер енгізуімен, сондай-ақ қазақстандықтардың өмірді және денсаулықты сақтандыруға, оның ішінде Түркиядағы жер сілкінісінен, ArcelorMittal-дағы жарылыстан кейін қызығушылығының артуына байланысты болды», – деп хабарлады

Бұл ретте сарапшылар, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға қатысты заңнамалық өзгерістер компаниялар кірісінің өсімін шектеуі мүмкін деп есептейді.

Әлемде жыл сайын өндірісте 374 миллионға жуық адам зардап шегеді

Халықаралық еңбек ұйымы (МОТ) мәліметтеріне сәйкес, дүниежүзінде жыл сайын өндірісте 374 миллионға жуық адам зардап шегеді. 2,78 млн өндірістегі өлім жағдайы тіркеледі. Бұл әлемдік жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 4 пайызын жоғалтуға дейін апарады. Жұмыстағы жарақаттарға қатысты төленетін өтемақының жалпы сомасы – шамамен 167 млрд доллар.