Тайваньдық электроника өндірушісі Foxconn, iPhone-ның ең ірі құрастырушысы, капиталдандыру рекордын жаңартты. Компанияның акциялары өсуде, өйткені жасанды интеллект төңірегіндегі дүрбелең смартфондар нарығының баяу қалпына келуіне қатысты алаңдаушылықтан да асып түсті.
Толығырақ
Foxconn (Hon Hai Precision Industry) бағалы қағаздары бейсенбі күні Тайваньдағы сауда-саттықта 5,1% – ға өсті. Бір қағаз үшін рекордтық 156 Тайвань долларына ( 4,9 доллар ) жетті. Соңғы айда компанияның баға ұсыныстары 1,5 есе өсті. Bloomberg-тің жазуынша, рекордтық өсу нейрондық желілерді оқыту үшін Foxconn серверлеріне сұраныстың артуы, инвесторлардың белсенділігіне де байланысты.
Осы айдың ортасында Foxconn өткен жылдың соңғы тоқсанында таза кірістің 33% – ға, 53,2 миллиард тайвань долларына ( 1,7 млрд доллар) дейін өскені жайлы есеп берді. Сонымен бірге консенсус болжамы 43,8 миллиард тайвань долларын құрады. Сонымен қатар компания осы жылға арналған болжамды жақсартты. Foxconn жасанды зердемен жұмыс істеу үшін серверлерге сұраныстың өсуінен туындаған кірістің айтарлықтай көбейетінін болжады. Foxconn басшысы Янг Людің айтуынша, 2024-2025 жылдары жасанды зерде серверлерінің нарығы жылына 30% – ға өседі. Ал Foxconn өсуі одан да жоғары болуы мүмкін.
Сарапшылар не дейді
JPMorgan болжағандай, Foxconn-нің жасанды интеллект серверлерінен түскен кірісінің биылғы үлесі оның бәсекелестері Wiwynn, Quanta Computer және Wistron-дағы шамамен 20% – бен салыстырғанда 10-12% деңгейінде қалуы мүмкін.
2025 жылы Foxconn-нің жалпы кірісіндегі жасанды интеллект серверлерін сату үлесі Nvidia жеткізілімінің артуына байланысты 18% – ға дейін өсуі мүмкін.
Bloomberg –тің жазуынша, Foxconn акцияларының наурыз айындағы раллиі тым жоғары болды. Foxconn акциялары қазір Тайвань қор индексінің бөлігі ретінде ең көп сатып алынғандардың бірі. Bloomberg биыл электроника өндірушісінің акциялары Қытайдағы Apple сатылымының төмендеуіне қарамастан 49% – ға өсті деп жазды.
Нейрондық желілер мен электромобильдерге арналған серверлердің көбеюі биылғы жылы Foxconn үшін маңызды болады, деп жазды Аллен Чанг . Goldman сарапшыларының пікірінше, компанияның нарықтық бағасы болашақта кірістің өсуін ескере отырып, әлі де тартымды болмақ.
Акция
Сауалнамаға қатысқан MarketWatch сарапшыларының ешқайсысы Foxconn қағаздарын сатуға кеңес бермейді. Қазір сарапшылардың 65% – ы тайваньдық компанияның құнды қағаздарын сатып алуға кеңес берді.