ФРЖ мәлімдемесінен кейін доллар аз уақытқа нығайды, ал мөлшерлеменің төмендеуіне деген үміт әлсіреді

Жарияланды
ФРЖ мәлімдемесінен кейін доллар аз уақытқа нығайды/Фото:Shutterstok

Доллар бағамы АҚШ Федералдық резервінің өкілінің мөлшерлемені төмендетуге асығудың қажеті жоқ деген сөзінен кейін өсті. Ал трейдерлердің мөлшерлемені төмендету процесі маусым айында басталады деген үміттері азайып барады. Енді Уолл-стрит ФРЖ саясатына әсер етуі мүмкін инфляцияның жаңа деректерін шығаруға дайындалып жатыр.

Толығырақ

Reuters- тің жазуынша, америкалық валюта ФРЖ басқарушылар кеңесінің мүшесі Кристофер Уоллердің сөздерінен кейін қолдау тапты. Уоллердің айтуынша, реттеуші күтпеген жерден жоғары инфляция жағдайында пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуін кейінге қалдыруы мүмкін.

«Қазір дисконттау мөлшерлемесін төмендетуге асығудың қажеті жоқ», — деді ол сәрсенбі күні кешке Нью-Йорк экономикалық клубының отырысында. «Инфляцияны 2% шегінде тұрақты траекторияда ұстауға көмектесу үшін мөлшерлемені қазіргі шектеу деңгейінде, тіпті бұрын ойлағаннан да ұзағырақ ұстаған дұрыс»,-дейді Уоллер.

АҚШ валютасының бағамын өлшейтін доллар индексі Уоллердің мәлімдемелерінен кейін өсті. Содан кейін түзетулер орын алды.

 ФРЖ маусым айында пайыздық мөлшерлемені төмендете бастайды деген үміті біршама әлсіреді, деп жазды Reuters. Агенттік CME FedWatch-ке сілтеме жасай отырып, сарапшылар маусым айындағы мөлшерлеменің бір апта бұрынғы 67% – дан 60% – ға төмендеуін орташа есеппен бағалайды дейді.

Сарапшылар не дейді

Capital.com қаржы нарығының  талдаушысы Кайл Родданның айтуынша, Уоллердің сөзі «ФРЖ жоғары инфляциядан, тіпті бағаның өсуін қайта жеделдетуден қорқатындығы туралы белгі».

Уолл-стрит жұма күні жеке тұтыну шығындарының индексін (PCE) жариялауды күтеді. Оған ФРЖ инфляция қаупін бағалау кезінде назар аударады. Trading Еconomics Консенсус болжамы ақпан айында PCE-нің жылдық мәнде 2,5% – ға, Айлық мәнде 0,4% – ға өсуін болжайды. Қаңтар айында өсім сәйкесінше 2,4% және 0,3% құрады.

Өткен аптада ФРЖ мөлшерлемені 5,25-5,5% деңгейінде сақтап қалды. Реттеуші басшыларының  болжамы бойынша,  биылғы жылы ставканың әрқайсысы 25 базистік тармақта үш мәрте  төмендемек. Олардың екеуі  ағымдағы деңгейде қалады деп санайды.

Нарық

Уоллтердің мәлімдемелері АҚШ-тағы негізгі сауда-саттық жабылғаннан кейін айтылды. Негізгі сауда-саттықта америкалық қор индекстері сәрсенбі күні өсіп, екі сессия қатарынан төмендемеді. Dow Jones Industrial Average индексі 1,2%-ды қосты. Индекстегі өсу көшбасшылары Merck, Intel және Boeing болды. S&P500 базалық индексі 0,8%, Nasdaq Composite 0,5% көтерілді.

Сондай-ақ оқыңыз