«ӨКМ Операторының» монополиясы жойылды. Енді утилизациямен 196 кәсіпорын айналыса алады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
утилизациямен
Утилизациямен 196 кәсіпорын айналыса алады. Фото: kursiv.media

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «ӨКМ Операторының» монополиясы жойылып, утилизациямен енді 196 кәсіпорын айналыса алатын мәлімдеді. Қазіргі кезде «ӨКМ Операторының» екі зауыты мемлекет меншігіне өткен.

«ӨКМ Операторының» мемлекет меншігіне өтуі және сот процесіне байланысты автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникаларын кәдеге жарату бойынша екі кәсіпорын Мемлекеттік мүлік комитетінің меншігіне берілді. Бұл зауыттардың тағдыры жақын арада шешіледі деп ойлаймын. Бұрын монополия болған. Қайта өңдеумен бір ғана компания айналысты. Біз нарықты зерттеп, тиісті өзгерістер енгіздік», — деді ол Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуы жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы отырысында.

Ведомство басшысының айтуынша, Қазақстанда 196 кәсіпорынның көлік пен ауылшаруашылық техникасын утилизациялауға рұқсаты бар. Монополия жойылғаннан кейін, бизнес бұл қызметпен әр өңірде жеке айналыса алады. Нысанбаевтың айтуынша, бұл кәсіпорындар да қызығушылық танытып отыр.

Министр Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті алдағы уақытта қос зауытты аукционға шығаратынын айтты. Олар да жекенің қолына өтпек.

«ӨКМ Операторы» ісі

«ӨКМ Операторы» ЖШС активтері 2022 жылы қаңтарда мемлекет меншігіне өткен. Үкімет қаулысынадл сәйкес, оның орнына «Жасыл даму» ЖШС құрылды.

2023 жылдың шілдесінде «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылары мен бұрынғы экология вице-министрі сотталды. 2019-2022 жылдар аралығында ЖШС директоры болған Медет Құрманғалиев Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 24-бабының 3-бөлігінде жасалған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол да 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Коммерциялық ұйымдарда 10 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Ахметжан Пірімқұлов қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігі, 189-бөлігі 4-бөлігінің 2-тармағы, 24-бабының 3-бөлігі, 28-бабының 5-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет ете алмайды. 

2016 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңде ЖШС директоры болған Светлана Коротченко да 7 жылға сотталды.

 ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Муктарова Шнар Уралгазыновнаға халықаралық іздеу жарияланып, ол БАӘ-де ұсталды. Оған 920 млн теңгені жымқырды деген айып тағылды.

Сондай-ақ оқыңыз