Жаңалықтар

Жапония мен Словения, Гонконг тұрғындары зейнетке шыққан соң 20 жыл өмір сүрсе, Қазақстанда бұл көрсеткіш 11-13 жылды құрайды – Freedom Life

зейнетке
коллаж: kursiv.media

Жапония мен Словения, Гонконгта адамдар зейнетке шыққан соң, кемі 20 жыл өмір сүреді. Ал Қазақстан тұрғындары зейнетке шыққаннан кейін, орта есеппен 11-13 жыл ғұмыр кешеді. Африка елдерінде зейнетке шыққандар зейнетақысының қызығын 1-3 жыл ғана көреді екен. Өйткені бұл елдерде өмір сұру ұзақтығы 61-62 жастың айналасында. Бұл туралы Freedom Life өмірді сақтандыру компаниясының шолуында жазылған.

Worlddata статистика платформасының мәліметінше, әлем халқының орташа жасы – 33,3 жыл. Бұл орташа көрсеткіш және өмір сүру ұзақтығын және басқа демографиялық үрдістерді ескере отырып, аймақ пен ел бойынша жыл сайын өзгеруі мүмкін.

2023 жылға арналған статистика мәліметтерге сәйкес, Словения (20,9 жыл), Гонконг (20,7 жыл) және Жапония (20,6 жыл) тұрғындары зейнеткерлікке шыққан соң ең ұзақ өмір сүреді екен.

Орташа өмір сүру ұзақтығы мен зейнеткерлік жасы ұзақ 10 ел

МемлекетОрта жасы Өмір сүру ұзақтығыЗейнетке шығатын жасыЗейнетке шыққанға дейін қанша өмір сүру керекЗейнетке шыққаннан кейінгі жылдар
Жапония49,584,66414,520,6
Италия48,182,96718,915,9
Гонконг46,885,76518,220,7
Германия46,7816619,815
Испания46,383,36619,717,3
Греция46,280,36720,813,3
Португалия4681,3662015,3
Словения45,980,96014,120,9
Пуэрто-Рико45,680,46721,413,4
Латвия45,273,76418,89,7

Бұл ретте Жапония мен Италияда жасы келген кісілердің қатары көп екенін айта кеткен жөн. Жапонияның 126 млн халқының үштен біріне жуығы – қарт кісілер. Ал Италиядағы 60 млн халықтың 24,5%-ның жасы келіп қалған.

Зейнеткерлері көп елдер

МемлекетХалық саны зейнеткерлер қатары халық санынан % үлесі
Жапония 126 070 51830,1
Италия60 677 73924,5
Гонконг7 346 10021,4
Германия83 294 63322,7
Испания47 432 89320,7
Греция10 280 70823,1
Португалия10 352 042 23,3
Словения2 107 18021,4
Пуэрто-Рико3 263 58423,4
Латвия1 874 00022,2

Егде жастағы адамдардың қатары ең аз жер Замбия (1,8%) және Чад (2%) штаттары.

Қазақстандағы зейнетақы жасы

2023 жылы қазақстандықтардың орташа жасы 32,1 жылды, ал өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасты құраған. Қазақстанда ерлер 63 жаста, әйелдер 61 жаста зейнетке шығады. Зерттеуге сәйкес, ер адамдар зейнетке шыққан соң орта есеппен – 11,4 жыл, ал әйелдер 13,4 жыл өмір сүреді. Орта есеппен ерлер зейнетке шығу үшін 30,9 жыл, ал әйелдер 28,9 жыл күтеді екен.

«Бекітілген зейнеткерлік жасқа қарамастан, қазақстандықтардың 45 жастан кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және 55 жастан бастап зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі бар», – делінген хабарламада.

Freedom Life сарапшыларының пікірінше, 2021 жылға дейін зейнетақы аннуитеті өте қымбат сақтандыру өнімі саналып келді. 2021 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да жинақталған қаражаттың зейнетақы аннуитетіне беру үшін жеткілікті шегі төмендеді. Қазір бұл сома ерлер үшін 7,2 миллион теңге болса, әйелдерге 9,1 миллион теңге деп бекітілген.

Бұған дейін Freedom Life өмірді сақтандыру бойынша ең көп сыйақы жинаған көшбасшы мемлекеттерді атаған. Қазір әлемдегі ең ірі сақтандыру нарығы – АҚШ. 2022 жылы оның қатысушылары 2,7 трлн сақтандыру сыйақысын жинады. Бір жыл ішінде өсім 8,1% құрады. Сондай-ақ алғашқы бестікке Қытай ( 696,1 млрд, 6,1% өсім), Жапония (4 403,6 млрд, 2,6% қысқару), Ұлыбритания (3 399,1 млрд, 16,7% өсім) және Франция (2 296,4 млрд, 24% өсім) кіреді.