Қазақстан Республикасының Туризм және Cпорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Париж Олимпиадасына арналған Қазақстан Ұлттық құрамасының киім формасының үлгілерін жраиялады.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша 28 ақпанда ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» Париждегі жазғы Олимпиадаға арналған Ұлттық құрамасының киім формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге ашық конкурс жариялаған. Комиссия қарауына 6 дизайнердің эскиздері ұсынылған.
6 үлгінің авторлары – Marino Madi, Vervetex, BLS GROUP, «ЖУЗБАЙ ДИЗАЙН», Ғалия Әбенова, Ким Роман сынды авторлар ұсынған. Бұл киімдерді қазақстандықтар министрліктің ресми сайтынан тамашалай алады.
1. Marino Madi
2. Vervetex
3. BLS GROUP
4. «ЖУЗБАЙ ДИЗАЙН»
5. Ғалия Әбенова
6. Ким Роман
Суреттер Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтынан алынды. Киімдерді мына сілтеме арқылы көруге болады.