Қазақстанда тасқын су қабылданып жатқан қоймалардың қанша пайызы толды?
Көктемгі су тасу кезеңінде су қоймаларына тасқын суын жиналып жатыр. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.
Елімізде алдын ала республикалық меншіктегі барлық су қоймасында тасқын суын қабылдау үшін бос орын дайындалды:
- еліміздің солтүстігінде ірі су қоймаларының орта есеппен 68%ы толды. Бұл былтырмен салыстырғанда 7%-ға артық;
- оңтүстікте бұл көрсеткіш 80%-ға жетті;
- батыста, орта есеппен су жинау көрсеткіші – 71%, бұл былтырғыға қарағанда 6%-ға көп;
- шығыстағы су қоймаларының орта есеппен 60%-ы толды, бұл бір жыл бұрынғыдан 9%-ға артық;
- Орталық Қазақстанда бұл көрсеткіш 66%-ға жетті.
Айта кетейік, Қазақстанның біршама өңірін еріген қар суы мен тасыған өзен суы басты.
ҚазАвтоЖол республикалық жолдардағы қозғалысты шектеу туралы шұғыл ақпарат таратты.
Ақпарат бойынша, «Қарағанды-Аягөз-Боғаз», «Самара-Шымкент», «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» республикалық автожолдардың белгілі бір шақырымдарында қозғалыс шектелді.
Оралда көшелерді су басып, қала әкімі Миржан Сатқанов жергілікті төтенше жағдай жариялады.
«Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанованың 2024 жылғы 26 наурыздағы қаулысы бойынша, қалада жергілікті табиғи төтенше жағдай жарияланды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Оралда ондаған үй мен әлеуметтік нысандарды еріген жаңбыр суы басты. Автожолдарда 26 су тасқыны тіркелді.